№3 колледждің ғимараттары күрделі жөндеуден өтті

351
Жөндеуден өткен ғимарат

Шымкент қаласындағы  №3 кәсіптік-техникалық мектеп биылғы оқу жылынан бастап колледж мәртебесіне ие болды. Енді студенттер мамандықтың қыр-сырын күрделі жөндеуден өткен кең өндірістік шеберханада меңгереді. Тозығы жеткен ескі құрал-жабдықтар алмастырылып, бірқатар құрылғылар жаңадан сатып алынды.

Жөндеуден өткен ғимарат
Жөндеуден өткен ғимарат

Нұрлан Шилібаев, № 3 колледждің директоры: «Мына құрылғыны сатып алу үшін бюджеттен 25 миллион теңге жұмсалды. Дегенмен, ескі болса да станоктарымыз мықты, сапасы әлі жақсы.

Осыдан төрт жыл бұрын коледждің әкімшілік ғимараты жөнделсе, былтыр 29 миллион теңгеге тұрмыстық кешен ғимаратында күрделі жөндеу жүргізілді. Сабақ өтетін сыныптар да қажетті материалдармен жабдықталған. Оған қоса арнаулы білім ұясының ұстаздары шет елде тәжірибе жинақтап келді.

Іргетасы өткен ғасырдың 40-жылдары қаланған білім ордасының түлектері сұранысқа әрдайым ие. Бұл бағытта колледж өңірдегі 30 жуық кәсіпорындармен меморандумға қол қойған. Колледж басшылының мәліметтері бойынша 2013 жылы колледждің 275 түлегі жұмыспен қамтылыпты.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=V2sbqAZCbHA[/youtube]