Алименттен жалтарған азамат қамауға алынды

230
Заң алименттен жалтарғандарды аямайды

Шымкентте алименттік борышы 837 480 теңгеге жеткен азамат 7 тәулікке қамауға алынды. Ол 2010 жылдан бері өз міндетін орындамаған. Өзі ай сайынғы жалақысының 30 000 теңге екенін, төлеуге ақшасы жоғын алға тартты. Сот актісін орындау туралы ескертулер бірнеше рет борышкердің қолына берілген. Алайда ол елемей келіпті.

Заң алименттен жалтарғандарды аямайды
Заң алименттен жалтарғандарды аямайды

Бүгінгі күні аталған факті бойынша Әл Фараби ауданының прокуратурасы сол азаматқа қатысты әкімшілік іс қозғады. Прокурорлардың мәліметтеріне қарағанда, борышкер соттың талаптарын орындаудан жалтарған. Сол себепті 7 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Айта кетейік, соңғы кездері елімізде алименттен жалтарғандар қатары көбейіп отыр. Соған орай, балаларының қамқорлығынан бас тартқандардың жолын кесетін заң талабы да күшейіп келеді.