Бүгін – дүниежүзілік жүрек күні

Сурет www.zhardem.kz сайтынан алынды
Сурет www.zhardem.kz сайтынан алынды
Сурет www.zhardem.kz сайтынан алынды

Бүгін – бүкіл әлемдік жүрек күні. Бұл атаулы күн 2001 жылдан бастап аталып келеді. Мақсаты – халықты жүрек дерті жайлы ақпараттандырып, алдын алу және емделу жолын түсіндіру. Облыстық кардиологиялық орталықтың мамандары жүрек ауруына шалдыққан науқастарға түрлі оталар жасап, дерттің алдын алу жұмыстарын жүргізуде айтарлықтай үлес қосып келеді. Мұнда жыл басынан бері 14 адамның жүрегіне ота жасалған. Ақ халатылардың айтуынша, бүгінгі таңда жүрек-қан тамырларына жасалатын отаға қажетті құрылғылар жеткілікті. Тек жүрегіне ота жасалуы қажет адамды тыңғылықты түрде дайындау қажет.

«Біздің орталыққа қосымша қаржы бөлініп, отаға қажетті барлық құрылғылармен қамтылды. Соның нәтижесінде республика бойынша жергілікті бюджеттен толық қамтылған бірден-бір мекемеге айналдық» дейді орталық ұжымы.

Жүрек-қан тамырлары дерті дүниежүзі бойынша өлімнің басты себебі болып табылады. Жыл сайын Жер бетінде 17 миллионға жуық адам жүрек-қан тамырлары науқасынан көз жұмады. Олардың жартысы – еңбекке қабілетті жаста.