L тобы. «Шахтердің» үш қарсыласы

Плей-оффтан дара шыққан командаларды топ-топқа бөлу үшін жеребе тасталды. Еуропа Лигасының жеребесі кеншілерді «L» тобынан бір-ақ шығарды

Футболдан Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шығуға арналған плей-офф ойындары аяқталды. Әр жылы бұл маусым Қазақстандағы футболсүйер қауымның ортасында ғана еленіп, тұрмыс деңгейінде айтылмай, қалып қоятын еді. Биыл бір емес, екі бірдей клубымыз додаға түскен соң, бүкіл қазақстандық тренл-тақырыпқа айналды. Талай жанның түн ұйқысын ұрлап, әралуан болжамдарын сан-саққа жүгіртіп, мың сан сөз атқыланған сөзталастарға сеп болды.

Плей-оффтан дара шыққан командаларды топ-топқа бөлу үшін жеребе тасталды.  Еуропа Лигасының жеребесі кеншілерді «L» тобынан бір-ақ шығарды
Плей-оффтан дара шыққан командаларды топ-топқа бөлу үшін жеребе тасталды. Еуропа Лигасының жеребесі кеншілерді «L» тобынан бір-ақ шығарды

Қарағандылық «Шахтер» Шотландияның «Селтик Парк» алаңында «Селтикпен» қарымта ойын өткізді. Өз үйінде кельттерді 2:0 есебімен жеңген кеншілер қонаққа барып, 3:0 нәтижесімен ұтылды. Жалпы гол саны бойынша Кумыковтың футболшылары Леннон шәкірттерінен 2:3 деген көрсеткіш бойынша, бір голға артта қалып қойды. Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне өте алмады. Дегенмен, ережеге сай Еуропа Лигасының топтық жеребесіне дөп етіп түсті.

Ал «Қобыланды батыр» алаңында өткен кездесуде украиндық клубқа 2 гол соққанмен, өз қақпасына 3 доп жіберіп, жағдайын қиындатып алған ақтөбеліктер Киевке қрнаққа барды. Сонда «Динамодан» 5:1 есебімен ұтылып, Еуропа Лигасының топтық ойындарына өте алмай қалды.

Плей-оффтан дара шыққан командаларды топ-топқа бөлу үшін жеребе тасталды. Еуропа Лигасының жеребесі кеншілерді «L» тобынан бір-ақ шығарды. Топтан шығу үшін кеншілермен таласқа деңгейлес үш команда түсті. Олар – Голландияның «АЗ Алкмаары», Грециядан шыққан «ПАОК» пен израильдік «Маккаби» Хайфа клубтары. Сарапшылар «Шахтерге» жеребе жолдас болды, оңай топқа түсті» деген пікір білдіруде.

Еуропа Лигасының топтық кезеңіне бөлінген 48 команданың өкілдері Монакода өткен жеребе тастау рәсімінде ақпарат құралдарына өз пікірлерін білдірді.

Қарағандылық «Шахтер» Шотландияның «Селтик Парк» алаңында  «Селтикпен» қарымта ойын өткізді. Өз үйінде кельттерді 2:0 есебімен жеңген кеншілер, қонаққа барып, 3:0 нәтижесімен ұтылды
Қарағандының «Шахтері» Шотландияның «Селтик Парк» алаңында «Селтикпен» қарымта ойын өткізді. Өз үйінде кельттерді 2:0 есебімен жеңген кеншілер қонаққа барып, 3:0 нәтижесімен ұтылды

Шахтердің бас бапкері Виктор Кумыков «Барлық командалар бізбен деңгейлес деп ойлаймын. Күресуге болады. Мынау мықты, мынау әлсіз деп атап өтпеймін. Жеребе нәтижесіне көңілім толды. Қарсыластарымызбен өткізетін кездесулерде жоғары деңгейдегі ойын көрсетуге тырысамыз» деп, онша ашыла қоймады.

Селтик қақпасына гол соғып, танымалдылығы арта түскен «Шахтердің» шабуылшысы Андрей Финонченко былай дейді: «Біз үшін кез-келген топ қиын, әрі қызықты болатын еді. Себебі, біз Еурокубоктің топтық кезеңіне алғаш рет жолдама алып отырмыз. Әрине, «Лацио», «Тоттенхэм» немесе «Лион» сияқты азулы клубтармен жасыл алаңда доп тебуді іштей қалағанбыз. Бірақ, мына командалармен өтетін кездесулер де қызық болады деп ойлаймын. Тәжірибе жинаймыз. Осыдан бірнеше жыл бұрын «Алкмаар» мен «Маккаби» «Ақтөбеге» қарсы ойнаған. ПАОК – біз үшін жұмбақ. Тек тәжірибе ғана емес, ұпай алуға да барымызды саламыз».

Ал, ПАОК-тың жартылай қорғаушысы Мирослав Стох «Мықты командалармен бір топқа түсіп қалудан сақтанғанбыз. ПАОК пен «Алкмаардың» топтан шығу мүмкіндігі көп. Алайда, жеребенің біз үшін оң не теріс болғанын тек алаңдағы жағдай ғана шешеді. Ары қарай өту үшін барлық күшімізді соған жұмылдырамыз. Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңінде «Шалькеге» қарсы тұрғандай ойнай алсақ, біздің потенциалымыз жоғарылай түспек» деп, «Шахтерді» елемегендей сыңай танытты.

36-013

Сонымен топтағы кездесулердің өтетін күні белгіленді. «Шахтермен» допқа таласатын нендей клубтар? Несімен мақтана алады? Соған тоқталсақ.

«АЗ Алкмаар», Алкмар, Нидерланды
«АЗ Алкмаар», Алкмар, Нидерланды

36-009«АЗ Алкмаар», Алкмар, Нидерланды

«АЗ Алкмаар» – қызғалдақтар елінің Алкмаар қаласынан шыққан кәсіби деңгейдегі клуб. 1967 жылы құрылған. Үйдегі ойындарын 17 мыңдай көрермен сиятын АФАС алаңында өткізеді. 2012-2013 жылғы футбол маусымында Эредивизиде ойнап, 9-орынға тұрақтады. Осы күнге дейінгі ең үлкен жетістіктері: Эридивизидің 1980/81 мен 2008/09 жылғы маусымдарында бірінші орын. Төрт рет Нидерланды Кубогін жеңіп алған. 1981 жылы УЕФА Кубогінің ақтық ойынына дейін жетіп, ағылшындық «Ипствичтен» жеңіліп қалды.

Құны 43 миллион 900 мың еуроға тең клубтың құрамында 31 футболшы бар. Олардың 16-сы – легионер. УЕФА рейтингісінде 49-орынға жайғасқан «АЗ Алкмаарға» жергілікті Гертьян Вербек бас бапкерлік етеді. «АЗ Алкмаар» деген атауды айтқысы келмегендер «Ірімшік фермерлері» деп те атайды.

Айта кетер бір жәйт, «АЗ Алкмаар» футболшыларының табаны Қазақ топырағын басып көрген. 2010/11 жылдың аяқдоп маусымында «Ақтөбемен» кездескен болатын. Бұл екеуі Еуропа Лигасының плей-офф ойындарында сынға түскен. Өз үйінде біздікілерді 2:0 есебімен ұтқан голландықтар Қазақстанға келіп, 2:1 деген көрсеткішпен жеңілген. Алайда, екі ойынның жалпы қорытындысы бойынша топтық кезеңге «АЗ Алкмаар» өтіп кеткен еді.

ПАОК, Салоники, Грекия
ПАОК, Салоники, Грекия

36-011ПАОК, Салоники, Грекия

Тарата айтқанда, Константинопольдіктердің Пан-Фессалондық Атлетикалық клубы деп айтылатын ПАОК – Грекияның футбол командасы. Екінші грек-түрік соғысы кезінде Константинопольден жөңкіген босқындардың негіз болуымен 1926 жылы құрылған. Македонияның ең мықты клубтарының біріне айналып, Грекиядағы алпауыттардың қатарына енген ПАОК – қазіргі таңда Грекия Суперлигасында ойнайды. Екі рет Грек елінің чемпионы атанып, төрт мәрте Грекия Кубогіне қол жеткізді.

Футбол нарығындағы құны 44 миллион 900 мың еуроға бағаланған ПАОК-тың акциялық бақылау пакетін 2012 жылы ростовтық кәсіпкер Иван Саввиди сатып алды. 27 ойыншыдан құралған клубта 13 легионер бар. Ең қымбат футболшысы – 8 миллион еуроға сатып алынған Мирослав Стох.

Голландиялық Хуб Стеванс жаттықтыратын ПАОК – УЕФА-ныңрейтингінде 67-ші орынға орныққан. «Солтүстіктің екі басты бүркіттері» деген лақап аттары бар.

«Маккаби», Хайфа, Израиль
«Маккаби», Хайфа, Израиль

36-010«Маккаби», Хайфа, Израиль

1913 жылы негізі қаланған «Маккаби» Израильдің Хайфа қаласында қоныс тепкен. Он екі дүркін чемпион атанып, ел кубогін бес рет қолдарына ұстаған «Маккабиліктер» осы күнге дейін израильдік жоғарғы лигадан бірнеше рет шығып қалып, қайта оралып отырған. Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне өткен ең алғашқы израильдік клуб.

Бағамы 13 миллион 950 мың еуро тұратын «Маккабидің» сапында 26 футболшы бар. Оның 6-уы ғана легионер. «Жасылдар» деген атқа ие болған команданың бас бапкері – Арик Бенадо. Қалтасы қалың УЕФА-ның тізімінде 128-ші орында тұр.

Қазақстан мемлекеті бұл клуб үшін көрмеген, білмеген жер емес. 2009/10 жылғы Чемпиондар Лигасының үшінші кезеңінде «Ақтөбемен» ойнаған. Қазақстанда өткен бірінші кездесу нәтижесіз теңбе-тең аяқталып, Хайфаға барған «ақтөбеліктерден» 4:3 есебімен басым түскен.

Салыстырып қарар болсақ, «Кеншілер» аталып кеткен «Шахтер» клубының жалпы құнын немістердің transfermarkt.de порталы 4 миллион 950 мың еуроға бағалап отыр. Виктор Кумыковтың қарауындағы клуб УЕФА тізімінде 324-ші боп орналасқан.

Айтпақшы, «Шахтердің» ПАОК-пен болатын бірінші ойыны жанкүйері жоқ, бос алаңда өтеді. Қазақстан футбол федерациясының атқарушы директоры Олжас Абраев өз твиттеріне осылай деп жазды. Бұл шешім өткен жылдың қазан айында қабылданған болатын. ПАОК пен оның жанкүйерлерінің бұлай жазалануына Еуропа Лигасының 2012-2013 жылғы маусымындағы жағдай себеп болып отыр. 23-тамыз күні Салоникидегі «Тумба» алаңында өткен ПАОК пен «Рапидтің» кездесуі жанкүйерлер тарапынан тәртіпсіздіктерге толы болған еді. Олар ойын алаңына шығып кетіп, отшашулар атып, газонға түрлі бөгде заттар лақтырған. Екіншіден, кездесу сапасыз ұйымдастырылған. Мұның барлығы да УЕФА-ның ойын өткізу ережелеріне қарсы келген. Сол кездесудің жазасын ПАОК енді тартып отыр.

Ал біздер аздаған тыныштықтан, небір трансферлерден соң басталатын Еуропа Лигасының топтық ойындарын күтеміз. Өйткені, биыл бұл Лигада Қазақстанның «Шахтері» бар. Қазақ футболының тарихы «алғаш рет …» деген сөздермен басталып, көтеріңкі нотада жазылып жатыр.

Жәнібек НҰРЫШ