ОҚО-да сексеннен астам білім нысаны салынып жатыр

248
Білім ошағының құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Биыл Оңтүстікте көптеген білім ошақтарының құрылысы басталды. Оған республикалық және облыстық бюджеттен 19,6 миллиард теңге жұмсалған. Іргетасы қалаған нысандарыдң саны –  82. Жыл соңына дейін 26 мектеп, 7 балабақша, 6 қосымша құрылыс, 2 кәсiптiк колледж салынып, 4 мектепте қайта құру жұмыстары аяқталады деп жоспарлануда. Мемлекеттiң мектепке қамқорлығының нәтижесінде қабырғасы қам кесектен қаланған мектептер азайып келедi. Ағымдағы жылы тағы осындай 35 мектептiң орнына жаңа типтi ғимарат бой көтермек.

Білім ошағының құрылысы қарқынды жүріп жатыр
Білім ошағының құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Айта керу керек, биылғы 1-қыркүйекте облыс бойынша 22 бiлiм нысаны жаңадан пайдалануға берiлдi. Алдын ала әзiрленген әлеуметтiк-экономикалық картаға сәйкес, өңiрдегi 353 мектепке күрделi жөндеу қажет болса, биыл оның 66-сы күрделi жөнделеді. Бұл мақсатқа 2,5 миллиард теңге бөлiнген. Жалпы, 2014-2018 жылдары тиісті бiлiм ошақтары күрделi жөндеуден толық өтедi. Айта кетейік, былтыр республикалық және облыстық бюджет есебiнен 18 миллиард теңгеге 88 бiлiм нысаны салынған. Жыл соңында 50 нысан пайдалануға берiлген.