Оңтүстікқазақстандықтар несие алуға құмар

178
түйіткілді несиенің пайызы да артып отыр

Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары азаматтарға берілген заем көлемі бойынша алдыңғы қатарда келеді. Айта кетейік, отандық банктер тарапынан берілетін несие көлемі күн санап өсіп келеді. Егер 2011 жылдың 1-қыркүйегінде несие көлемі 8 триллион теңгеден асса, биыл бұл көрсеткіш 10 триллион теңгені құрады.

Несиені алу - оңай, қайтару - қиын
Несиені алу – оңай, қайтару – қиын

Жалпы, еліміздің банктері 10 782 777 миллион теңге сомасында несие берді. Сондай-ақ, Астана, Алматы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының жұртшылығы да несие алуда алдарына жан салмайды екен. Ал сарапшылар соңғы бес жылда елімізде түйткілді несиелерді рәсімдеу 5%-дан 29%-ға дейін артты деп дабыл қағуда. Зерттеу бойынша, шағын және орта бизнесті қаржыландыру мәселесі оң шешімін таппай отыр. Рас, мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге берілетін несиенің пайыздық үстемақасы 2008 жылдан бастап жыл сайын төмендетіліп келеді. 2012 жылғы көрсеткіш бойынша несиелердің 30%-ы саудада, 31%-ы өңдеу өнеркәсібіне шоғырланған. Бұл несиелердің жартысынан көбі ұзақтығы бір жылдан аспайтын несиелер болып табылады. Олардың тек 5%-ы ғана бес жылдан асатын ұзақ мерзімді қаржыландыруға негізделген. Сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша субсидиялардың 41%-ы – өнеркәсіпте, 26%-ы – көлік саласында.