Облыс құрамасының спорттық киімі жоқ

2011 жылы Түркияның Анталия қаласында жастар арасында әлем чемпионаты өтті. Сол біріншілікке барған біздің ел құрамасы сапында тек бір ғана оңтүстікқазақстандық ару бар еді. Ол – Аида Арапбай болатын

Біздің шымкенттік құрама әйелдер боксынан өткен Қазақстан чемпионатына алғаш рет 2009 жылы қатысты. Ал, бұл спорт түрі бойынша ел біріншілігі 2005 жылдан бері өтіп келеді. Бірінші рет қатысқан облыстық құрама сапынан Жайна Шекербек алтынға ие болды. Сол Жайна қыз Қазақстанның әйелдер боксы тарихында тұңғыш рет Азия чемпионы атанды.

2011 жылы Түркияның Анталия қаласында жастар арасында әлем чемпионаты өтті. Сол біріншілікке барған біздің ел құрамасы сапында тек бір ғана оңтүстікқазақстандық ару бар еді. Ол – Аида Арапбай болатын
2011 жылы Түркияның Анталия қаласында жастар арасында әлем чемпионаты өтті. Сол біріншілікке барған біздің ел құрамасы сапында тек бір ғана оңтүстікқазақстандық ару бар еді. Ол – Аида Арапбай болатын

2011 жылы Түркияның Анталия қаласында жастар арасында әлем чемпионаты өтті. Сол біріншілікке барған біздің ел құрамасы сапында тек бір ғана оңтүстікқазақстандық ару бар еді. Ол – Аида Арапбай болатын. Дара барса да, топты жарып, әлем чемпионы болып, қайтты. Осылайша Қазақстанның әйелдер боксы тарихында «алғаш рет» деген сөздермен басталатын жеңіс парағы Жайна Шекербек мен Аида Арапбайдың есімдерімен басталды. Бірі – Азия чемпионы, екіншісі – әлем чемпионы.

Қыркүйектің 22-29 аралығында Болгария елінде әйелдер боксынан жастар арасында әлем чемпионаты өтеді. Соған қатысатын Қазақстан құрамасында төрт оңтүстікқазақстандық бар. Олар: 51 келіде Севара Таджикулова, 60 келіде Аида Арапбай, 64 келіде Мадина Нұршаева мен 66 келіде ойнайтын Любовь Хасиева. Бұлардың барлығы да жастар құрамасының сапында жүрген бірінші нөмірлі боксшылар.

Қыркүйектің 15-20 аралығында Еуразия ойындары болады. Алматы қаласында өтетін бұл жарысқа біздің облысымыздан Диана Жанкараш, Эльмира Қожабекова қатысады.

Күздің бірінші айы облысымыздың арулары сынға түсетін екі жарыстың куәсі болмақ.

Жалпы, нәзік жандылардың былғары қолғап киіп, рингке көтерілгеніне ғасырдан астам уақыт өтті. Дегенмен, әйелдердің қолғап түйістіріп, бір-біріне соққы жаудырып жатқанын ерсі көрген әлем жұртшылығы бұл спорт түрін шеттетіп тастады. Спорттағы бас мереке Олимпиада ойындарына жолатпай қойған еді. Тек 2009 жылы ғана Халықаралық Олимпиада комитетінің әйелдер боксына деген көзқарасы оңалып, 2012 жылы өтетін Жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізді. Осылайша, жаңа сипатқа ие болған спорт түрін біздің ел де жатырқамай, өз аруларын 2012 жылғы Лондон Олимпиадасына үкілеп қосты. Қазақстандық боксшы Марина Вольнованың қола медальға ие болғанын көзі қарақты жұртшылық біледі.

Осылайша Қазақстанның әйелдер боксы тарихында «алғаш рет» деген сөздермен басталатын жеңіс парағы Жайна Шекербек мен Аида Арапбайдың есімдерімен басталды
Осылайша Қазақстанның әйелдер боксы тарихында «алғаш рет» деген сөздермен басталатын жеңіс парағы Жайна Шекербек мен Аида Арапбайдың есімдерімен басталды

Әйелдер боксынан облыс құрамасының бас бапкері Ерғали Бекмырзаевтың сөзінше, ерлер мен әйелдер боксы арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ. Бокстасу мәнеріне келетін болсақ, ерлерде 3 минуттан 3 раунд болса, қыздарда 2 минуттан 4 раунд. Ерлерде шлем киілмейді. Ал, қарсы жыныс өкілдерінде шлем кию ережесі сақталып қалған. Жаттығуды жүргізу әдістерінде де өзгешелік бар. Біріншіден, жігіттерде монотонды жаттығу жүргізіліп, ұзаққа созылса, қыздарда қарқындырақ өтеді. Бірақ, жаттығу уақыты қысқа болады. Екіншіден, қыздардың физиологиялық дамуын ер адамдармен салыстыруға келмейді. Сондықтан да, жаттығу жүктемесі де азайтылады. Жүрекке күш түспеуі қадағаланады. Үшіншіден, психологиялық ерекшелік. Кейде рингтегі ұрыс кезінде айқайлап, дауыс көтере сөйлеуге тура келеді. Сол кезде жігіттер жігерленіп, жеңіске деген ұмтылыс пайда болып, жеңу жолдарын іздей бастайды. Қыздарға керісінше олай ұрсып сөйлеуге болмайды. Бірден көңіл күйлерін түсіп кетеді. Осындай кірпияздықтарды ескеру керек.

Сосын, қыздардың жаттығуы кезінде спарринг әріптес ретінде ер адам түсіп жатады. Өйткені, қыздар өзара бірге жаттығу жасап жүрген соң, бір-бірінің әдіс-тәсілдерін жаттап алады. Екіншіден аяйды.Сондықтан да жігіттермен спаррингке түседі.

Қазір Оңтүстікте әйелдер боксына дайындайтын арнайы екі топ бар. Біріншісі – облыстық бокс мектебіндегі арнайы әйелдер боксына арналып ашылған секция. Онда 3 бапкер тек қана осы спорт түріне боксшылар дайындайды. Екіншісі – облыстың олимпиада резервін дайындау орталығы. Облыстағы қыздар тобын ашқан осы орталық. Онда екі бапкер бар. Жайна Шекербек те осы орталықтан шыққан.

Одан басқа әйелдер боксына әзірлейтін жекелеген жаттықтырушылар бар.

Негізі, әйелдер боксына 11 жастан бастап келген дұрыс. Аруларымыз көбіне 15 жасында келіп жатады. Қазір 11-12 жастағы жеткіншектерге арналған топ жасақталып жатыр екен. «Біздің облыстық әйелдер боксы құрамасының экипировкасы жоқ. 2009 жылдан бері экипировка алынбаған. Қазақстан чемпионатына барғанда біздікілер тапқанын киіп барады. Басқа облыстар біркелкі киімдерін киеді. Сондықтан да Оңтүстік Қазақстан спортшыларының біркелкі, бір түсті киімдері болса нұр үстіне нұр болар еді», – дейді бапкер.

Қазір әйелдер боксының құрамасы 2014 жылы өтетін Азия ойындарына дайындалып жатыр. Ол жарысқа кімдер баратыны 2014 жылдың ақпан айында болатын Қазақстан чемпионатында анықталады.

Жәнібек Нұрыш