Шымкентте пойыз бен жеңіл көлік соғысты (бейнекадрлар)

431
Пойыз жеңіл көлікті 15 метрге сүйреп апарған

Шымкентте жеңіл автокөлік пойызбен соғысты. Бұл келеңсіз жағдай Чапаевка елдімекеніндегі бұрынғы еткомбинаты маңында орын алды.

Пойыз жеңіл көлікті 15 метрге сүйреп апарған
Пойыз жеңіл көлікті 15 метрге сүйреп апарған

Осындағы теміржолды кесіп өтпек болған Ауди 6 көлігінің иесі оң бүйірден келе жатқан пойызды көрмей қалыпты. Содан артқа жүріп, үлгере алмай, жүк пойызының астына түсіп қалды. Апат салдарынан жерге жанармай төгілген. Оқиға орнына құтқарушылармен қатар өрт сөндірушілер, апатты медицина орталығының қызметкерлері де келіп жетті.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=HIeOibtw1ZI[/youtube]

Жүк пойызы жеңіл көлікті соққан соң 15 метрдей жерге дейін сүйреп апарған. Абырой болғанда жүргізушіні Құдай қаққан екен, дін аман қалды. Өрт сөндірушілер жалын тұтанбасын деп, көліктің үстіне көбік шашты. Қазір осы оқиғаны тәртіп сақшылары тексеріп жатыр.

Жеңіл көліктің сау-тамтығы қалмаған
Жеңіл көліктің сау-тамтығы қалмаған
Өрт сөндірушілер көбік шашып жатыр
Өрт сөндірушілер көбік шашып жатыр