Шымкентте тағы бір Назарбаев зияткерлік мектебі ашылды

2097
Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі

Енді облыстың түкпір-түкпірінен келген 525 дарынды бала химия-биология бағытында тереңдетіп білім ала алады. Үздіктер үшін жаңа ғимаратта барлық қажетті жағдай қарастырылған: оқу бөлмелері технологияның соңғы «тілінде сөйлейді», Назарбаев мектебінің оқушылары үш мезгіл тамақтанады, ал біраз сабақтардың оқытушылары – шетел азаматтары.

Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі
Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі

Шымкенттегі екінші Назарбаев зияткерлік мектебінің ашылуын көпшілік тағатсыздана күтті. Оқу орталығының құрылысы жаз бойы жүріп, Алғашқы қоңырау күні қарсаңында сәтті аяқталды. Енді 525 дарынды бала өзге пәндермен қоса химия-биология ғылымын тереңдетіп оқи алады.

Оқушылар Қазақстанның әнұранын орындап тұр
Оқушылар Қазақстанның әнұранын орындап тұр

Білім күні оқушылар мен мұғалімдерді құттықтауға бұл жаңа оқу орнына облыс әкімі Асқар Мырзахметов бастаған ел ағалары келді. Ересектердің алдында өз өнерлерін паш еткен оқушылар қазіргі таңда сәнге айналған флэш-моб ұйымдастырды.

Оқушылар алғашқы қоңырауды соғуда
Оқушылар алғашқы қоңырауды соғуда

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=7uMDHbn_DRM[/youtube]