Шымкенттік конкуршылар респубдикалық додаға дайындығын бастады

330
Демалыс күні конкур спорт түріне кезекті іріктеу өтті

Қыркүйектің басында Шымкентте конкурдан ірі жарыс өтті. Онда жасөспірімдер арнайы сынақтан өтіп, олимпиадалық спорт түрімен шұғылдануға мүмкіндік алған. Ал таяуда қалада ұлттық спорт түрлері мектебінің арнайы турнирі өтті. Обылс біріншілігінде 15-ке тарта спортшы ат үстінде өнер көрсетті.

Демалыс күні конкур спорт түріне кезекті іріктеу өтті
Демалыс күні конкур спорт түріне кезекті іріктеу өтті

Ғани Ахметбаев, Ұлттық спорт түрлері мектебінің директоры: «Біз салауатты өмір салтын сақтауға шақырамыз. Бұл жолғы турниріміз де «Жастар нашақорлыққа қарсы» деген ұранмен өтті. Бос уақытты көшеде өткізгенше, осы спорт ордасына келіп, ұлттық спорт түрлерімізді насихаттайық.  Ал конкур олимпиадалық спорт түрі екенін ұмытпағанымыз жөн.»

16 жасар Аяжан Қонақбаева өзінен бірнеше жасқа үлкен, тәжірибелі конкуршылармен бағын сынап көрді. Ең бастысы – республикалық додаға дейін тәжірибе жинақтау қажеттігін бойжеткен жақсы түсінеді. Өкініштісі, Аяжан бұл жолы жүлдесіз қалды. Әлі де болса дайындық қажет деп жерлесіміз өзіне түйін жасады. Ал бұл жолғы турнирде жастар арасында «Ялама» атты сәйгүлікте өнер көрсеткен Садық Балнұр чемпион атанды. Одан кейінгі сатыда «Хемгемия» деген тұлпарымен Екатерина Орловская келді. Алғашқы үштікті Мұхаметжан Шаден қорытындылады. Жасөспірімдер арасында «Спиритпен» өнер көрсеткен Елнұр Абхалиев үздік болды. Енді бұл жерлестеріміз облыс құрамасының сапында ел чемпионатына дайындығын бастайды.