Сотта жеңілген депутат тағы да шағымданбақ

Облыстық сот

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотта Ордабасы ауданының депутаты Абдраман Тұрмағамбетовтың ісі аппеляциялық алқада қайта қаралды.

Облыстық сот
Облыстық сот

Естеріңізге сала кетейік, үстіміздегі жылы 13-наурыз күні аудан тұрғындары шенеуніктің ауыл ахуалына бей-жай қарайтыны туралы жергілікті газеттің біріне сұхбат берген. Баспасөз бетінде жарияланған мақалада өзінің ар-намысы аяқасты болғанын алға тартқан халық қалаулысы сотқа жүгінеді. Дегенмен, талабы орындалған жоқ. Бұл үкіммен келіспеген депутат пен қорғаушысы аппеляциялық алқаға шағым түсірген. Сот отырысының ашық болуына қарамастан БАҚ өкілдері қатыстырылмады.