Жамбылдағы жол апатынан қаза тапқандар жерленді

1032
Жол апаты таңғы сағат 06:45-те болған

Бүгін Жамбыл облысында болған қайғылы жол апатынан қаза тапқандар жерленді. Тұрар Рысқұлов ауданындағы Құлан ауылы маңында жүк көлігі мен жолаушылар автобусы соғысқан болатын. Соның салдарынан мерт болғандар саны 12-ге жетіп отыр. Олардың арасында жасы кәмелетке толмаған жас балалар да бар.

Жол апаты таңғы сағат 06:45-те болған
Жол апаты таңғы сағат 06:45-те болған

Астанадан Жетісайға бет алған автобустың ішінде 50-ге тарта адам болған. Олардың көбісі – оңтүстікқазақстандықтар. Марқұмдардың денесі туған жерлеріне әкелініп, жер қойнауына тапсырылды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=2M4rDwmlg5w[/youtube]

Еске сала кетейік, бұл оқиға 31-тамыз күні таңғы сағат 6-дан 45-минут өткенде болған. Алматы – Ташкент бағытындағы тасжолдың үстінде, Құлан ауылына жақын жерде қытайлық жүк көлігі мен жолаушылар автобусы соқтығысты. Алдын ала болжамға сәйкес, жүк көлігінің 24 жастағы жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кеткен.

Оқиғадан кейін бірден 43 адам жергілікті ауруханаға жеткізілген. Соның жартысына қазір де көмек көрсетілуде. Жолаушылардың халі әлі де ауыр күйінде қалып отыр.

Жарақат алғандардың көбісі әлі ауруханада жатыр
Жарақат алғандардың көбісі әлі ауруханада жатыр

Қазір Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының полицейлері өзара келісімге келіп отыр. Нәтижесінде екі департаменттің біріккен бұйрығы жасалып, түн ішінде жолаушылар автобустарының жүруіне тыйым салу жөнінде Премьер-Министрдің атына ұсыныс хат жіберілді.