Үйіңізді өрттен сақтаңыз

Үйіңізді өрттен сақтаңыз
Үйіңізді өрттен сақтаңыз
Үйіңізді өрттен сақтаңыз

Сала мамандарының сөзіне сенсек, соңғы кездері орын алып жатқан өрт оқиғаларының дені тұрғын үйлерде болады екен. Оның бірден-бір себебі – тұрғындардың қарапайым өрт қауіпсіздігін сақтамауы болып отыр. Осыны ескерген төтеншеліктер тұрғындарға мынадай кеңестерін ұсынады.

Пәтерлер мен тұрғын үйлерде

1.Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, газ баллондарды сақтауға

2.Төсек-орында шылым шегуге

3.Балкондар мен лоджиялардан темекі тұқылын лақтыруға

4.Плитада дайындалып жатқан тамақты қараусыз қалдыруға болмайды.

Жатақханалардағы «темекі шегуге арналған орындар» жанбайтын материалдардан жасалған урналармен немесе темекі тұқылын салғыштармен жабдықталуы тиіс. Қатып қалған құбырларды, инженерлік коммуникацияларды қыздыру – ыстық сумен, бумен және қызған құммен жүргізілуі керек.

Қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз ету үшін:

1. Ғимараттар мен үй-жайлардан шығуға кедергі келтіретін есіктерді қайта қоюға

2. Саты торын немесе саты торынан шығу жолы орналасқан вестибюльді ортақ дәліздерден бөлетін есіктерді алуға

3. Эвакуациялау жолдарында жалған есіктер орнатуға, витраждар, айналар, турникеттер мен қалыпты эвакациялауға кедергі келтіретін өзге де бұйымдар қоюға

4. Есіктер мен люктер арқылы шатырлар мен жабынға шығу жолдарына кедергі келтіруге

5. Саты торлары баспалдақтарының астында балалар арбаларын, шаналарды, велосипедтер мен жихаздарды жинауға және орталықтан жылу беруді басқару тораптары мен су өлшеу тораптарынан басқа әртүрлі үй-жайларды орнатуға болмайды.

Моншаның тас пешін салу кезінде:

1. Пеш оттығы есігінің алдынан тікелей еденде үстінен өлшемі 0,5 х 0,7 метр металл болат болатын жылу оқшаулағыш материал қабатын орналастыру қажет.

2. Оттық есігінен бастап қарама-қарсы есікке дейінгі қашықтықты кемінде 125 сантиметр етіп жасау керек. Егер қабырға жанбайтын материалдан жасалған болса, онда есікке қарсы ауданы оттық ойығының ауданына екі есе артық болатын жылу шағылдырғыш экран орнату қажет.

3. Қабырға ойығында тас пеш орнату кезінде пеш пен қабырға арасында 28 сантиметр саңылау жасау керек. Осы аралыққа термооқшаулағыш қабатын салып, кейін оны кірпішпен бекіту қажет.

4. Кірпіш түтін құбырының сыртқы қабаты мен жанғыш жабын (тор, шатыр, тіреуші) құрылымдары арасына жанбайтын оқшаулағыш материалмен толтырылған қалыңдығы 13 сантиметрден кем емес саңылау қарастырылу қажет.

6) Көмірмен жанатын пештер үшін асбест цементі және металл түтін құбырларын пайдалануға жол берілмейді.

Жеке тұрғын үйлерде осы қағидалар ережелерге сәйкес сақталуы тиіс.

Қ. Балғабеков, Шымкент қаласының ТЖБ анықтау бөлімінің аға инжинері