Шымкентте жиһаз цехынан өрт шықты. Куәлердің айтуынша, өрт лезде тарап кеткен. Цех маңындағы кеңсе жұмысшылары көлігін алып үлгерген. Ресми мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ. Төтеншеліктер оқиға орнына 10 минутта жеткен. Арнайы штаб құрылып, өртті сөндірген. Қазіргі таңда оның шығу себебін анықтап жатыр.
Бүгін түс қайта Шымкенттегі Сасбұқаев көшесінде орналасқан қойма мен жиһаз цехынан өрт шықты. Жалын нысанды толықтай шарпыған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 10 минутта жеткен.
Куәлердің сөзінше, жалын лезде тарап кеткен. Өртті көргеннен сол маңдағы тұрғындар қауіпсіз жерге шыққан. Ал жол бойында тұрған көліктерді алып үлгерген.
Ресми мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында штаб құрылған. Қазіргі уақытта өрт толық сөндірілген. Төтеншеліктермен бірге полиция әлі де оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.
Мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр. Айта кетейік, өртті сөндіруге 70-ке жуық өртсөндіруші және 21 техника жұмылдырылған.
Дилара Иса







