Ұлттық экспорт стратегиясы әзірленуде

249
дөңгелек үстел барысы

Қазіргі таңда ұлттық экспорттық стратегияны әзірлеу қызу талқыға түсіп жатыр. Өңіріміздің бизнес-қауымдастықтарының өкілдері мен тауар өндірушілер бас қосып, стратегияның негізгі мақсаты төңірегінде әңгіме өрбітті. Дөңгелек үстелді «Kaznex INVEST» экспорт және инвестиция агенттігі ұйымдастырды. Агенттік мемлекеттік органдар мен бизнес-қауымдастық өкілдері мен бірлесе отырып, Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Ұлттық экспорттық стратегиясын әзірлеуге білек сыбана кіріскен.

дөңгелек үстел барысы
Мамандар дөңгелек үстелде бас қосты

«Kaznex INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі 2010 жылдың сәуірінде еліміздің индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің шешіміміне экспортты дамыту және ілгерілету корпорациясының базасында құрылды. «Kaznex» шетелдік инвесторларды тарту және олармен жұмыс жасауға жаңа индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде қызмет атқарады.

Стратегияның негізгі мақсаты – экспортты қолдаудың жалпыұлттық жұйесін қалыптастыру. Оның нәтижесі шикізаттық емес экспорт үлесінің артуына, сондай-ақ, географиялық және тауарлық әртараптандыру болмақ.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=uZx1FbyQiPc[/youtube]

Мейрам Қажыкен, сарапшы: «Біздің бизнесмендер инвестиция тарту саласына келгенде ақсап жатады. Одан қорқудың қажеті жоқ. Әрбір кәсіпкер өз ісінің білгірі болуы керек. Жан-жақтан қадағалап, бақылап, дамытудың жолын үйрену керек. Егер сауатты түрде инвесторлар тарта білсек, отандық өнімге сұраныс та артады.»

Сараптау тобы өңірлердегі бизнес өкілдерінен түскен ұсыныстарды ескеретін болады. Егер стратегия жүзеге асса, онда кәсіпкерлердің тасы алға домалап, табысы ұлғая түспек.