Сарыағаш ауданында Жабай батырдың 290 жылдығына арналған ауқымды шара өтті

1217

Ұлы дала сардары Жабай батырдың ерлігін жастарға дәріптеу мақсатында Сарыағаш ауданында ауқымды шара өтті.

Жабай баба кесенесі

Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласында Ұлы дала тұлғалары циклын насихаттауды тапсырған болатын. Сондай халқының перзенттерінің бірі Абылайханның тұсында батыр қолбасышы болған Жабай батыр.

Сахналық қойылымнан жиналған қауым Ұлы дала тұлғасы Жабай батырдың ту ұстаушы батыр ғана емес, жауға тойтарыс беруші қолбасшы болғанын білді. Жабай батырдың Абылайханның тұсында ел басқарғанын, Төле бидің тұсында бас қақпалардың бірін жаудан күзеткені жайлы деректер көпшілікке ұсынылды.

Жеңісбек Тұрғанов, Түркістан облысының тұрғыны: «Ол кісі ержүрек батыр, қаймықпайтын, жұртты ұйыстыра білген дана болған. 1741 жылдары Қалмақ соғысында үлкен ерлікпенен көзге түскен. Соның арқасында Абылайхан бабамыздың өзі ризашылық білдіріп өзінің ақ туын табыс еткен».

Жабай батырдың 290 жылдығы Сарыағаш ауданында кең көлемде аталып өтті

«Елбасы  «Ұлы даланың -жеті қыры» мақаласында ұмыт қалған тұлғаларымыздың өмір жолын зерттеп, халық арасында насихаттауды тапсырған болатын. Осыған орай, Жабай атамыз жайлы деректер жинақталып, кітап шығарылды. Бұл бағытта жұмыстар жалғасады. Өскелең ұрпақ қазақ жерінің тұтастығын сақтап мұра қалдырған тұлғаларын білуі тиіс»,- дейді жиынға қатысушылар.

Қазақстанның бас муфтиі – Серікбай қажы Ораз

Серікбай қажы Ораз, Қазақстанның бас муфтиі: «Халқымыздың басында зұлмат заманда «Ақтабан шұбырындыда», ұлттың, ұлыстың бірлігін ерліктің символына айналған дара тұлға, дана тұлғалар бүгінгі ұрпақтар үшін үлкен өнеге мен ғибрат болуы керек деп ойлаймын».

Талғат Айтбаев, Жабай батырдың ұрпағы: «Біріншіден, бабамыздың тарихи орнын анықтау. Екіншіден, болашақ ұрпаққа тәрбие беру. Егер біз тарихтың бір парағын ашты деп есептейтін болсақ, бір ақ нәрсені ұғынғанымыз жөн  ол – бірлік. Бірлік қазіргі таңда  қазақ мемлекетіне, ұлтына да  керек нәрсе».

Ақ тулы Жабай батырдың туғанына 290 жыл. Осы айтулы датаға орай Сарыағаш ауданында ұйымдастырылған ауқымды шарада батырдың ұрпақтары ұлттық ойындарда ептілігін байқаттты.

Жабай атамыздың кіндік қаны туған Әлімтау даласында ас беріліп, құран бағышталды.

Шынар Оразова