Аналарға қандай құрмет көрсетілсе де лайықты

Кешегі аптада Әл-Фараби ауданының әкімі Бауыржан Қалжановтың бастамасымен өткізілген салтанатты жиында тағы да 5 ана алтын, 9-ы күмістен алқа тағынды

Шымқалада 5221 көпбалалы ана бар. Олардың 2252-і «Алтын алқа» тағынса, 3053-і «Күміс алқа» иегері.

Қалалық әкімшілік тарапынан алтын құрсақты аналарды ардақтауға көп көңіл бөлініп келеді. Соның бір айғағы болар, мұндай салтанатты іс-шара биыл барлық аудан әкімшіліктерінде ұйымдастырылып отыр. Айтпақшы, жыл басынан бері марапаттау рәсімдері Абай, Еңбекші және Әл-Фараби аудандарында бірнеше рет ұйымдастырылған.

Кешегі аптада Әл-Фараби ауданының әкімі Бауыржан Қалжановтың бастамасымен өткізілген салтанатты жиында тағы да 5 ана алтын, 9-ы күмістен алқа тағынды. Аудан әкімі Бауыржан Ахметәліұлының айтуынша, мұндай салтанатты іс-шара биыл үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Осылайша, жыл басынан бері аудандағы 41 ана лайықты марапаттауға ие болды. Оның 14-і «Алтын алқа», 27-і «Күміс алқа» тағынған. Айта кетейік, әл-Фараби ауданында 1411 көпбалалы ана болса, оның ішінде 614-і «Алтын алқа», 797-і «Күміс алқа» иегері.

Айжан ЕРМЕКҚЫЗЫ