«Данышпанға – сыйақы» зияткерлік ойынының жеңімпазы анықталды

222
Зияткерлік ойында оқушыларға 40 сұрақ қойылды

«Данышпанға – сыйақы». «Шымкент келбеті» және «Панорама Шымкента» газеті Альфред Нобельдің 180 жылдығы құрметіне арнап осы тақырыпта оқушылар арасында байқау өткізді. Облыстық Ыбырай Алынсарин атындағы балалар кітапханасында өткен сайысқа қаладағы мектептердің шәкірттері шақырылған. Биыл екінші рет қолға алынған білім бәсекесінде сауалдар мектеп бағдарламасынан арнайы дайындалыпты.

Зияткерлік ойында оқушыларға 40 сұрақ қойылды
Зияткерлік ойында әр оқушыға 40 сұрақ қойылды 

Эльмира Бердіғалиева, «Панорама Шымкента» газеті бас редакторының орынбасары: «Расында біздің шәкірттер білімді, жаңа ғылым, жаңа технологияға деген қызығушылығы басым. Бұл жолғы сайыс осының дәлелі болып отыр. Оқушылар алдын ала дайындалған сұрақтың барлығына да жауап берді. Бәрінен бұрын олардың кітапқа деген қызығушылығына тәнті болдым. Ал білім додасын Альфред Нобельдің құрметіне арнап отырған себебіміз, біздің облыстан әлі талай ғалымның шығуы тиіс екенін ұқтырғымыз келді. Өңірден елдің абыройын асқақтататын кемеңгердің шығатынына біз кәміл сенімдіміз.»

Ұйымдастырушылардың айтуынша, ойыншыларға 2-кезеңде 40 сауал дайындалған. Оның 30-ы мектептегі пәндердің бағдарламасынан болса, 10-ы еркін тақырыпты қамтиды. Бірақ шәкірттер сұрақтардан жаңылысып жатқан жоқ.

Сайысқа 50-ге тарта шәкірт қатысты
Сайысқа 50-ге тарта шәкірт қатысты

Эдуард Антоненко, «Данышпанға сыйақы» зияткерлік ойынының қатысушысы: «Мен мұндай сайыстарға алғаш рет қатысып отырған жоқпын. Өзімді білімді санағаннан емес, осы ғылымның дамуына өз үлесімді қосқым келеді. Мұндай сайыстар біздің мектептің ғана емес, бүкіл еліміздің де болашағына себебін тигізеді деп сенемін. Сондықтан болашақта Альфредтен асып түсетін данышпан боламын деп алдыма мақсат қойдым.»

Сайыс соңында жас данышпанға дайындалған сыйақы №20 мектептің оқушыларына бұйырды. Айта кетейік, ғылым мен білімге баулитын шараға «Балаганчик» театрының ұжымы да келіп, өнер көрсетті, байқаудың сәнін кіргізді. Ал «Шымкент келбеті» және «Панорама Шымкента» газеттерінің басшылығы оқушылар үшін мұндай маңызы мол іс-шараны алдағы уақытта да ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=–n6YdCPxaA[/youtube]