Литвалықтар – Шымкентте

1391
ана мен бала денсаулығы екі ел дәрігерлерінің басты назарында
ана мен бала денсаулығы екі ел дәрігерлерінің басты назарында
ана мен бала денсаулығы екі ел дәрігерлерінің басты назарында (сурет интернеттен алынды)

Ұлт саулығын бірге шешеміз. Облыстық әкімдіктің мәжіліс залына бүгін облыстық мәслихаттың депутаттары, басқарма басшылары мен құқыққорғау органы, үкіметтік емес ұйым жетекшілері және репродуктивті денсаулық төңірегінде зерттеу жүргізіп жүрген дәрігерлер мен Европаның Каунасс университетінің профессоры Руто Надишаускине бас қосты. Ондағы мақсат біреу-ана мен бала денсаулығын жақсартуды, балалар өлімінің алдын алу. Бір ғана біздің облыста жыл басынанбері 5 жасқа дейінгі 82 бүлдіршін көз жұмған. Бұл отбасының әлеуметтік ахуалы-бала денсаулығының өлшемі екендігінің айғағы деді Литвадан келген қонақ.

Руто Надишаускине, Каунасс университетінің акушерия клиникасының басшысы: «Ана мен бала денсаулығы әлемді толғандырып отыр. Қазақстанда бүкіл ел боп осы проблемаға атсалысатындығы сүйсіндірді. Әжелер кеңесі құрылып, қарияларға дейін ұлт болашағын ойлаған, ана мен бала денсаулығына мән берген Оңтүстік өлкесі деп таныдым мен бүгін»

Бүгінгі таңда облыста «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының аясында ана мен бала денсаулығына бар жағдай жасалып отыр. Мәселен облыс бойынша 4 перинаталды орталық соңғы заманауй үрдіс бойынша жұмыс жасайды. Оның ішінде туа пайда болған жүрек ақауын емдейтін балалар кариохирургиясы, балалар онкогемотологиясы мен перенаталды скрининг орталықтары бар. Дегенмен, бұл жетістіктер арқылы ана мен бала өлімін азайту мүмкін емес. Себебі жүкті әйелдердің басым бөлігі өз денсаулығына салғырт қарайды.