Оңтүстікте мешіт көбейді

Оңтүстікте Алла үйінің саны артқан. Естеріңізде болса, былтыр дәл осы уақытта облыстағы 721 мешіттің 670-і ғана қайта тіркеуден өтіп, 51-і жұмысын тоқтатқан еді. Себебі, өңірдегі кейбір мешіттердің ахуалы талапқа сай емес болатын.

ОҚО-да 762 мешіт бар
Өңірімізде жалпы саны 762 мешіт бар

Содан бері бір жыл ішінде Оңтүстікте 92 мешіт қайта тіркеліп отыр. Көпшілігі жаңадан бой көтерсе, бірқатары құжаттарға байланысты туындаған кемшіліктерін түзепті. Демек, енді облысымызда 762 мешіт жұмыс істейді деген сөз. Ал жаңадан салынған ғибадат үйлерінің басым бөлігі Сарыағаш пен Сайрам аудандарында орналасқан.

Сержан Мақсұтов, облыстық мешіттің іс басқарушысы: «Яғни, былтыр құжатында, ғимаратында кемшілік анықталған, тіркеуден өтпей қалған ғибадат үйлері қайта жаңарып отыр. Сондай-ақ, бізде мешіттен тыс 136 намазхана бар. Жалпы, қайта тіркеу қай жағынан қарасаңыз да оң нәтижесін беріп отыр. Яғни, мешіттердің тіркеу арқылы белгілі бір ереже бойынша жұмыс істейтіні жақсы.»