Шымкентте педофилдің соты басталды

167

Бүгін Шымкентте жасы кәмелетке толмаған қызды зорлаған педофилге қатысты сот отырысы басталды. Бұл процесс қалалық мамандандырылған қылмыстық сотта өтіп жатыр.

 Еске сала кетейік, тамыз айының басында белгісіз біреу екінші қабаттағы пәтерге кіріп, 12 жасар қызға қатысты жыныстық қорлау әрекетін жасаған болатын. Арада бір ай өткен соң оны жәбірленушінің өзі танып қояды. Сөйтіп, күдікті қолға түскен болатын.