Шымкентте Сейдолла Бәйтерековтің ескерткіші ашылды

1041

Шымкентте Сейдолла Бәйтерековке арналған аллеяда айтулы тұлғаның ескерткіші ашылды. Сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сейдолла Байтерековтың кинофильмдерге, драмалық қойылымдарға, симфониялық оркестрге, хорға жазған туындылары Қазақстан композиторларының үздік шығармаларының қатарынан берік орын алып, әндері музыка сүйер қауымның рухани азығына айналған. Ескерткіштің образын жасаған автор-мүсіншілер – ҚР мәдениет қайраткерлері Сұлтан Иляев пен Мұратбаев Әбдуақат.

Ескерткіштің биіктігі – 3 метр 60 см, мыстан құйылған. Құны 10 миллион теңгелік ескерткішті тұрғызуға демеушілердің қаржысы жұмсалған. Тау тұлғаға арналған ескерткішті ашуға облыс әкімі Асқар Мырзахметов арнайы қатысты.

Сонымен қатар Қазақстанның түкпір түкпірінен композитордың туған туыстары мен жора жолдастары әріптестері келді. Олар алдымен салтанатты түрде ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

004

Ұлттық мәдениетіміз бен өнеріміздің мақтанышы, сыршыл да сазды әуендерімен көптің көңілін тербеткен дара дарындардың бірі Сейдолла Бәйтереков – ән өлкесінде өзіндік орын алған сазгер. Оның әндері қазақ өнерінің табиғатындағы тазалықты, өрлікті, сыршылдықты, сұлулықты паш етеді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=XE2tgpWID-g[/youtube]

Дереккөз: ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі