Статистиканың сайтынан барлық мәліметті алуға болады

БАҚ өкілдерімен өткен жиында сайттың бөлімдері түсіндірілді

Облыс тұрғындары енді Оңтүстік Қазақстан облысының статистика департаменті ашқан арнайы сайттан мағлұмат ала алады. Ондағы негізгі тараулар облыстық және оның өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы түрлі статистикалық көрсеткіштер алуға мүмкіндік береді.

БАҚ өкілдерімен өткен жиында сайттың бөлімдері түсіндірілді
БАҚ өкілдерімен өткен жиында сайттың бөлімдері түсіндірілді

Осыған орай статистика басқармасында ашық есік күні өтті. Мамандардың айтуынша, жылына екі рет өткізілетін бұл жиын облыс тұрғындарын сайтпен құлағдар етуге арналған. Жалпы ақпараттың көпшілігін БАҚ-та жарияланатын және Интернеттегі Веб-сайтта орналастырылатын хабарламаларынан ала аласыз.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=4O8WSwPtybI[/youtube]

Басты бетінен негізгі бөлімі пайдаланушыларға Қазақстанның дамуын сипаттайтын 100 негізгі статистикалық көрсеткіш бойынша деректер ұсынылады, оларды саптаудың әр түрлі әдістерінде – өсімі, салалары және тренділері бойынша қарауға болады.

Сонымен қатар басты бетте жеке өңірлер мен экономика салалары дамуының салыстырмалы түрдегі оқиғалары және соңғы өзгерістері бейнеленген.