Түркістандық тұрғынның бөгде ағымға қатысы болуы мүмкін

359

Түркістан тұрғыны экстремизмге қатысы бар деп айыпталуда. «Хизб-ут-Тахрир» экстремистік ағымына қатысы бар деген сезікпен жергілікті 55 жастағы тұрғын қолға түскен болатын. Ол діни кітаптар мен дискілер таратқан. Дегенмен, күдікті азамат өзіне тағылған айыптардың барлығын жоққа шығарып отыр.

 «Біреу менің үстімнен діни әдебиеттерді таратып жүр деп арызданыпты. Мен ол адамды бұрын-соңды көрмегем. Яғни, маған жала жауып жатыр» дейді күдікті. Ал оның ағайыны болып келетін Шухрат Әбдікәрімов бұған дейін дәл осындай айыппен 4 жыл 8 айға сотталған. Тіпті, күдіктінің өзі де жат дінді насихаттағаны үшін істі болған. Алайда, қанша жазаланса да ұсталған азамат сабақ алмапты дейді жергілікті прокурор.