Төле бидің 350 жылдық мерейтойы атап өтілді

696
Төле бидің үш жүздің руларын басын қосып бата беру

Төле биге – 350 жыл. Осыған орай ұйымдастырылған ұлы той бабаның сүйегі жатқан Ташкенттен бастау алып, Алатау бөктерінде жалғасын тапты. Ел басына күн туғанда Қазақтың басын қосып, ұлт боп сақталып қалуына сүбелі үлес қосқан тұлғаның торқалы тойы күні кеше Төлеби ауданында өтті. Алатау бөктерінде 40-тан астам киіз үй тігіліп, сахналық көрініс қойылды. Жиналған көпшіліктің көзіне жас үйірілді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=mnuA34jORPY[/youtube]

Ақтабан шұбырынды. Қазақ елінің ұлт ретінде жойылып кету шағының алды. Ел тағдырының осындай сынды кезеңінде үш жүздің рулары кең далада тарыдай бытырап жүргенде Төле бидің ұйытқы болуымен қалың Қазақ Ордабасы басында жұмыла жұдырық болып, жоңғарларды қуып шықты.

Төле бидің үш жүздің руларын басын қосып бата беру
Төле бидің үш жүздің басын қосып, бата беруі сәті

 Мырзатай Жолдасбеков, түркітанушы: «Бұл той Төле биге керек емес, бұл той болашақ ұрпаққа керек. Төле би бүкіл саналы өмірін халқына арнады. Халықтың ынтымағы, бірлігіне арнады. Осы тәуелсіздікті армандады. Дүниеден өтерінде қаз дауысты Қазыбе би көңілін сұрай келіп, «дүниеде не арманың бар» депті. Сонда Төле би «Үш жүздің басы қосылғанын көре алмай кеттіп барамын» деген екен. Бірақ бабамыз сол үшін бүкіл өмірін арнады. Құдайға шүкір, қазір басымыз бүтін елміз, үш жүздің басы бірікті.»

Жалпы, Төле бидің Қазақ үшін сіңірген еңбегі мен орнын әлі де зерттеу қажет. Тарихшылар осыны айтады. Ал бұл жолы ұлы бабаның 350 жылдық мерейтойы аясында би жайында 7 томдық кітап жарық көрді.