Тоғанның салынуы – ауылдың гүлденуі

Сондықтан егіншілікті дамыту үшін 1982 жылы Шаян өзені бөгеліп, Қапшағай су қоймасы салынған болатын

Егін шаруашылығына ең қажетті басты ресурс – су екені белгілі. Сондықтан егіншілікті дамыту үшін 1982 жылы Шаян өзені бөгеліп, Қапшағай су қоймасы салынған болатын. Қазіргі таңда қойма Шаян мен Жамбыл, Таңатар ауылын ауыз және ағын сумен қамтып, Алғабас ауыл атырабының егістік алқабын суландыруда. Дегенмен егілген егістіктің көлемі едәуір көбейіп, осының салдарынан Жамбыл ауыл округінің алқабына ағын су жеткіліксіздігі туындады.

Сондықтан егіншілікті дамыту үшін 1982 жылы Шаян өзені бөгеліп, Қапшағай су қоймасы салынған болатын
Сондықтан егіншілікті дамыту үшін 1982 жылы Шаян өзені бөгеліп, Қапшағай су қоймасы салынған болатын

Аудан басшылары Жамбыл ауыл округіне барған сапарларында аталған мәселе бойынша мән-жайды көзбен көріп, мамандармен ойласа келе тоған салу керектігіне тоқталған болатын. Мұнан соң облыс әкімі А.Мырзахметовтың ауданға жасаған кезекті іссапарында тоған салу ісі көтерілді. Облыс басшысы А.Исабекұлы бұл игі істі құптайтынын айтып, тиісті сала мамандарына мәселені жан-жақты зерттеп, тірлікті тезірек қолға алуды тапсырды. Осылайша, бүгінде аталған ауыл атырабының аумағында Шаян өзенінің бойындағы бөлігінен 7 млн текше метр су сиятын тоған салу жоспары жасалуда. Егер алдағы уақытта тоған салу ісі жүзеге асқан жағдайда, алдын-ала болжам бойынша аумақтағы 1,5 мың гектар алқап пен Тасқұдық ауылындағы 80 отбасына және Жиенқұм ауылы маңындағы 1 мың гектарға ағын су беру жоспары жүзеге асады екен. Біз кішігірім су қоймасы жөнінде Жамбыл ауыл округінің әкімі К.Ахметовтің де пікірін тыңдаған болатынбыз.

– Су қойма салынатының естіген соң, Тасқұдық ауылына қоныстануға ниет етушілер және егін егуге қызығушылық танытып отырған диқандардың қарасы көбеюде. Бұл біз үшін ауқымды жоба болғалы тұр. Тоғанның аумағы 100 гектарға жуық болады. Ол «Қызыл әскер» каналының бас жағынан орналасады деп күтілуде. Егер тоғанның суын соңғы технология арқылы тамшылатып суару арқылы пайдаланып немесе қырға қарай су сору қондырғысы арқылы тартып, бар мүмкіндікті тиімді пайдалана білсек, жоспардан әлдеқайда көп алқаптарға егістік егуге болады, – дейді Жамбыл округінің әкімі К.Ахметов.

Қазіргі таңда қойма Шаян мен Жамбыл, Таңатар ауылын ауыз және ағын сумен қамтып, Алғабас ауыл атырабының егістік алқабын суландыруда
Қазіргі таңда қойма Шаян мен Жамбыл, Таңатар ауылын ауыз және ағын сумен қамтып, Алғабас ауыл атырабының егістік алқабын суландыруда

Әрине, қандай жағдайда да бұл тоғанның халыққа пайдасы орасан болғалы тұр. Одан бөлек егін көлемі артып, аудан экономикасының көтерілуіне септігі тиері сөзсіз. Құрылыс бөлімі мамандарының пікірінше, бұл мәселе бойынша облысқа ұсыныс жіберіліп, қажетті сараптау-жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. Ауқымды жоба бір-екі айдың ішінде біте салатын шаруа емес. Дегенмен де, алдағы уақытта кішігірім су қойма салынып, жоспар жүзеге асатын болса, онда Жамбыл ауыл округінің қырдағы сарғайған алқаптары жап-жасыл жайқалған дақылдарға айналатын күн алыс емес сияқты.

Бағлан НҰРАЛЫҰЛЫ