Қыш құны қалтаңызға қолайлы ма? (фото және бейне)

«Қолжетімді баспана расында да қолжетімді болуы тиіс». Осылай деген Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Бақтыбай Қасымбеков Ордабасы ауданындағы қыш зауытының тыныс-тіршілігімен танысты. Жылына 20 миллионға дейін кірпіш шығаратын зауыт 8 жылдан бері Оңтүстіктің жұртшылығын сапалы қышымен қамтамсыз етіп келеді. Алайда, оның бағасы қаншалықты қалтаға қонымды. Қыш сатудағы тариф мәселесін комитет төрағасы реттеу керек деп санайды.

қыш зауыты

 

қыш зауыты

 

қыш зауыты

 

қыш зауыты

 

қыш зауыты

 

қыш зауыты

Бадам ауылындағы «Рауан» қыш зауытының өнімі Оңтүстіктен бөлек, республикаға да танымал. Жылына 20 миллионға дейін кірпіш шығаратын зауыттан мектептер мен мекемелер және жекеменшік серіктестіктер құрылыс үшін үлкен сұраныспен қыш сатып алады. Өзіндік құны 23 теңгеден шығатын өнім нарықта 28 теңгеден саудаланады.

[youtube]http://youtu.be/zP5YUpAtsWY[/youtube]

Сапалы өнімді көпқабатты тұрғын үй салу үшін де мердігерлер сатып алады екен. Алайда, нақ осы қымбат кірпіштердің әсерінен баспана алу бас қайғыға айналғаны рас дейді Астаналық қонақ Бақтыбай Қасымбеков. Сондықтан да пәтердің ең маңызды бөлшегі – қыштың құнын арзандату ләзім екенін айтады.

қыш зауыты

 

қыш зауыты

қыш зауыты

 

қыш зауыты

Алайда бұл мәселеде серіктестік ұжымының өз уәжі бар. Бағаның қымбат болуына үлкен көлемде алынған несиелер себеп дейді. Егер мемлекеттен тиісті көмек беріліп, бағдарламалардың шарапаты аталмыш қыш зауытына да тисе, нарықтағы қыш құны арзандауы мүмкін екен. Осындай мәселеге қаныққан комитет төрағасы кірпіш зауытымен болашақта бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласып қайтты.

қыш зауыты

қыш зауыты

 

қыш зауыты