Таяуда ұзаққа созылған іске нүкте қойылды. Шымкентте Қадыр түнінде екі жасөспірімді атып өлтіргендерге қатысты үкім шығарылды. Екі бірдей шаңырақты қара жамылдырған қылмыскерлердің алды 12 жылға бас бостандығынан айрылды.
Еске сала кетсек, 2012 жылғы тамыздың 14-інен 15-іне қараған түні мешітке бет алған қос жігітті біреулер көшеде қасақана атып кеткен еді. Оқиға тура Қадір түнінде болған. Қылмыстық топ бар әрекетін алдын ала жоспарласа керек. Олай дейтініміз, әрекеттің барлығын ұялы телефонның камерасына түсіріп алыпты. Олар намаздан кейін үйіне келе жатқан жігіттерді күтіп алып, оқ жаудырған. Зардап шеккен төрт баланың екеуі сол жерде тіл тартпай кетті. Таяуда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта осы іске нүкте қойылды. Айыпты үш жігіттің біріне тағылған айыптар дәлелін таппай, ол екі жылға шартты түрде сотталды. Қалған екі жігітті сот қатаң режимдегі түрмеде жазасын өтеуді белгіледі.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=gX5vazxbPzU[/youtube]