Екі шаңырақты ойрандатқандар әлі күнге дейін бостандықта жүр

400
Қайғы жамылған отбасы әділдік іздейді

Шымкенттің қақ ортасында болған атысқа қатысы барлар табылмай жатыр. Бүгін айдын күннің аманында балаларынан айырылған ата-ана наразылық білдірді. Осыдан бірәз бұрын мешіттен шыққан қос жітті бұзақылар атып кеткен болатын. Екі бірдей шаңырақты ойрандатқандар әлі күнге дейін бостандықта жүр деп шағымданады.

Қайғы жамылған отбасы әділдік іздейді

Оқиға тура қадір түнінде болған. Қылмыстық топ бар әрекетін алдын ала жоспарласа керек. Бәрін ұялы телефонға түсіріп тұрады.Тарауих намазынан үйіне келе жатқан жігіттерді күтіп алып, оқ жаудырады. Зардап шеккен төрт баланың екеуі әлімжан мен Ақтөре тіл тартпай кеткен.

Бұл Әлімжанның ата анасы. Әлі күнге ес жия алмай жатыр. Оның үстіне кінәлілердің жазаланбай жатқаны жанына батады.

Халима Түймебекова, Алимжанның анасы: «Ешкімнің басына салмасын. Баласынан айырып, жап-жас болып, қолдарына суық қару алып атып кеткен олардың ата-аналары ондай тәрбие бермегеніне сенімдімін. Олардың ертең екінші біреудің баласын атпасына кім кепіл? Сондықтан да әділдік іздеймін. Әртаңым атқан сайын, бүгін не істеймін, жұмысымды неден бастаймын деген сауалдардан бастаймын. Олардың балалары оқып жүр, менің балам жер қойнауында жатыр. Қалай жер басып жүр, соны түсінбеймін».

Олардың әділдік іздеп бармаған жері қалмапты. Бірақ бұдан еш нәтиже шықпай отыр деп шыр-пыр.

Ерғали Берікбаев, Алимжанның әкесі: «Жұрттың бәрі аллаға сыйынып, қадыр түнін көз жұмбай қарсы алатын түні баламды атып кетті дегенге сенгім келмейді. Өмірін қиып қана қоймай, оқиғаны ұялы телефонға түсіріп, интернетпен таратып жіберген. 1994 жылы туылған кішкентай ғана төрт баланы оңтүстіктің бүкіл полициясы таба алмайды деген не сұмдық? Қазір өзімде қорқамын. Есігім тарс етсе, сыртқа шығуға қорқамыз. Арызданып құқыққорғау органдарының есігін тоздырып жүргенде біреуе келіп, мені мен әйелімді атып кетпесіне кім кепіл? »

Ал ішкі істер басқармасы өкілдерінің айтуынша қылмыстық топ мүшелерін түгел табу мүмкін болмай жатыр. Із суытқан дейді. Әзірге тек қолын адам қанымен былғаған бір қаніпезер ғана ұсталған.

Дәулетбек Әбдіраманов, ОҚО ІІД тергеу басқармасы бастығының орынбасары: «Бұл қылмысқа тікелей қатысы бар азамат қамауда отыр. Қалғандарыны іздеу жарияланған. Ұсталған күні жазасын алатын болады. Шешімді сот шығарады».

Бірақ бұл жауап жазықсыздан жазықсыз ұлдарынан айырылғандарға басу емес. Созбаққа салынған істен әділ шешім күтіп отыр.

Гүлмира Нұртаева, марқұмның анасы

Гүлмира Нұртаева, Ақтөренің анасы: «Жалғызымды іздеймін, сағынамын. Әлі күнге дейін кінәлілер жазаға тартылмағаны үшін налимын. Тым болмаса, баламыз үшін біз кешірім сұраймыз деп ата-аналары келмеді. Біз де пендеміз ғой, келсе кешірер едік».

Қайғыдан қара жамылған отбасы жалғыз ұлын жоқтаған анаға жұбаныш болар деген ниетте балалар үйінен ұл асырап алды. 12 жастағы Али өскенде ата-анамның аманатын ақтаймын дейді.

 

 

 

 

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=LI8c8wM4o_M[/youtube]