Көктайғақтың салдарынан 360 көлік кептеліп қалған

302

Облысы аймағындағы «Алматы-Ташкент» тас жолында көктайғақ пен жолдың нашар көрінуінен 360-тан астам көлік жүре алмай қалды.  Осылай деп  бүгін төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Фото-с-сайта-content.onliner.by_21- қарашадан бастап, 22 қараша күнгі таңертеңге дейін осы тас жолдың 593-611 километр аралығындағы бөлігінде барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылған. Бүгін таңертеңге дейін тұрып қалған көліктердің көпшілігі жолға шығарылған. Зардап шеккендер жоқ.

Көліктерді жолға салуға облыстық төтенше жағдайлар департаменті «Қазавтожол» кәсіпорнының техникалары мен қызметкерлері жұмылдырылған.