«Олимпиада үміттері». Спорттық гимнастикадан өткен жарыс осылай аталады. Республикалық чемпионаттың жалауы Шымкенте қарашаның 11-і күні көтерілген болатын.
Шым қаланың спорт алаңында жалауы көтерілген турнирде жүзге тарта гимнастшы ептілігін сынға салды. Олардың арасында 36 жерлесміз де бар. Нәтижесінде, үшінші ересектер разрядында Самандар Исхаков күмістен, ал Иззат Акрамов қоладан медаль тақты. Алишер Тойбазаровпен Сардар Рахимжанов ел чемпионатының жүлдегері атанды. Ал спорт шеберіне үміткерлер арасынан Махамбет Әлмұханов алтыннан алқа тақса, Закир Сайдуллаев үшінші орыннан көрінді. Қыздар арасында Ника Полторакова, Александра Шаметько мен Зарина Шаметько жүлделі болды. Жерлестерімізді жүлдесімен құттықтаймыз.