Жастар қыз үшін атысты

Оқиға 2 қараша күні болған

Шымкентте тағы да атыс. Бұл жолы шүріппеге сеніп, әлімжеттік жасамақ болғандар қаладағы №3 колледждің студенттерін жаралады. Қазір оққа ұшқан екі жігіттің жағдайы өте ауыр.

Оқиға 2 қараша күні болған
Оқиға 2 қараша күні болған

Ұлының хал үстінде жатқанын естіген Оксана естен тана жаздағанын айтады. Атыстың болғанына үш күннен асты, ал басынан жарақат алған ұлы әлі есін жияр емес. Тіпті, оқиғаның қалай болғанын айтып беруге де шамасы келер емес.

 Оксана, жәбірленушінің анасы: «Оқ әлі басында тұр. Өзіңіз ойлап көріңізші, басына оқ қадалған ұлымды дәрігерлер бір күннен соң ғана қарапты.»

Тапа-тал түсте болған атыстың салдарынан Александрдан бөлек тағы бір жігіт зардап шеккен. Қазір бастағы оқты ота жасап алған дәрігерлер жасөспірімдердің жағдайы ауыр екенін айтады.

Учаскелік полицейдің айтуынша, оқиға «Баракат» кафесінің маңында орын алыпты. Тал түсте сабақтан шыққан студенттер әлдекімдердің шақыруымен осында келген. Қызға таласқан олар өзара келісе алмай, оқ атылған. Қазір осы жағдайға қатысты сезікті ретінде бір жігіт ұсталды.

Ербол Мамытов, Әл-Фараби полиция бөлімінің  учаскелік полиция қызметкері: «Бейнекамерада жарытып ештеңе анықталып жатқан жоқ. Өйткені, бір топ бала өткен. Болжамымыз бар. Бірақ қазіргі таңда анық дәйек айта алмаймын.»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=_cFijwEDNXQ[/youtube]

Оққа ұшқан қос жігіт те қаладағы №3 колледждің студенттері. Қазір төбелеске қатысқан үшінші жігіттен түсініктеме алынуда. Белгілісі, жасөспірімдерді бөтен жігіттер шақырып, атып кеткен. Бірақ оларды не үшін тапанша көздегені нақты анықталмай жатыр.