«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы жіті қадағалануда

339
"Жұмыспен қамту- 2020" бағдарламасы

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы жұртшылықты жаппай жұмысбасты етпесе де, еңбекпен қамтуда шамалы септігін тигізуде. Еңбекші ауданы әкімдігі бұл бағдарламаның орындалу барысын басты назарға алған.

"Жұмыспен қамту- 2020" бағдарламасы
«Жұмыспен қамту- 2020» бағдарламасы

Айта өтейік, аудан бойынша 600-дей жоғары оқу орнының түлектері жастар практикасы бағдарламасына қатысса, оның елу пайызы тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал, тағы 800-дей азамат әлеуметтік жұмыспен қамтылыпты.  Көрсеткіш көңіл көншітпейді. Содан болар, аудан әкімдігі қаламыздағы №2 колледж студентері және олардың ата-аналарымен кездесіп, бағдарламаның оң имиджін қалыптастыру бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізіді.

Эльмира Қалықова, қалалық жұмыспен қамту орталығының инспекторы: «Бұл бағдарламаны орындауда көбінесе жастар тартылып отыр. Әсіресе, үшінші бағытта жастар көптеп тартылады. Айта кететін болсақ, қайта даярлау, кәсіби даярлау курстарына негізі жастар бағдарламаның қатысушысы».