Жедел жәрдем стансасының бекеті ашылды

501
Жедел жәрдем стансасы халыққа сапалы қызмет көрсептпек

Алдағы уақытта «Тассай», «Таскен», «Ұлағат-1», «Ұлағат-2», «Қызылсай», «Азат» шағынаудандары мен 193-орамдағы елу бір мыңнан астам тұрғынға есептелінген бекет жылына отыз мыңнан астам шақыртуға сапалы қызмет көрсетеді деп күтілуде.

Жедел жәрдем стансасы халыққа сапалы қызмет көрсептпек
Жедел жәрдем стансасы халыққа сапалы қызмет көрсептпек

Бекет құрамында қажетті құралдармен жабдықталған кабинеттер, мәжіліс залы мен оқу бөлмелері және техникалық қызмет көрсетуге бағытталған автотұрақ бар.

жаңа жедел жәрдем стансасының бекеті
жаңа жедел жәрдем стансасының бекеті

Қаланың шетінде орналасқан шағынаудан тұрғындары бекеттің ашылуына келіп қатысты. Енді өздері шақыртқан жедел-жәрдем тез келеді деп түсінеді. Жаңа бекет қарапайым халыққа қуаныш сыйлайды деп сенейік.

 №8 бекеттің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Сакен Қаныбеков қатысып, жаңа ғимаратта басталған жұмыстың барысымен танысып қайтты.