Елбасының шырша тойы өтті (фото)

517
Кештің көркін ертегілер әлемінің кейіпкерлері қыздыра түсті

«Ғажайыпқа толы Жаңа жыл».  Облыстық цирк ғимаратында Президент шыршасы өтті. Жылда дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын жаңа жылдық мереке қонақтары – балалар мен мектеп-интернат тәрбиеленушілері, мүгедек және әлеуеті төмен отбасының балдырғандары. 200-ге жуық кішкентай қонақтар ертегі әлемінің түрлі кейіпкерлерінің өнері мен концерттік бағдарламаны тамашалады. Балғындар Аяз атаның орнына сыйлығын арқалай келетін облыс басшысын ортаға алып, би де биледі.

Елбасының шырша тойының қадірлі қонақтары
Елбасының шырша тойының қадірлі қонақтары
Шырша тойда әнде айтылды, биде биленді
Шырша той да әнде айтылды, би де биленді
Бұл балақайлар Кентау қаласынан келген оқу озаттары
Бұл балақайлар – Кентау қаласынан келген оқу озаттары

Әдеттегідей, Аяз ата мен Қарша қызды емес, балғындар облыс басшысын асыға күткен секілді. Сыйлықты Асқар Мырзахметовтің беретінін жақсы білетін ұл-қыздар әкім ағаларын бірден биге шақырып, ортада бірге өнер көрсетті. Одан соң Асқар Исабекұлына сұрақтарын жаудырды. Бірінің «бала кезіңізде кім болуды армандадыңыз» деген сұрағына өңір басшысы «теңізші» деп жауап берді.  Тағы бірі мектептегі сүйікті пәнін сұрады. Сөйтсек, облыс әкімі математика, геометрия, химия пәндерін сүйіп оқығанын айтты. Ал енді ұнататын спорт түріне келсек, суда жүзу мен тау шаңғысы екен.

Балалар облыс әкімінің ортаға алып биледі
Балалар облыс әкімінің ортаға алып биледі 
Көңілі шат балақайлар кешті қызықтыра түсті
Көңілі шат балақайлар кешті қызықтыра түсті 
Асқар Мырзахметов кішкентай қонақтарды келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтады
Асқар Мырзахметов кішкентай қонақтарды келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтады 
Елбасының атынан бағалы сыйлықтар тапсырды
Одан соң Елбасының атынан бағалы сыйлықтар тапсырды 
Балдырғандарға тәттілерді тарту етілді
Кеште балдырғандарға тәттілер тарту етілді 
Кештің көркін ертегілер әлемінің кейіпкерлері қыздыра түсті
Кештің көркін ертегілер әлемінің кейіпкерлері қыздыра түсті

Бұл күні Елбасы да балалардың қуанышымен бөлісіп, тікелей байланыс арқылы ыстық ықыласын, ақ тілегін жеткізді. Жылына бір келетін сыйлықтар мерекесінің ең қуанышты сәті де осы. Бұл жолы балаларға кітаптар және планшеттер тарту етілді. Осылайша, 200 ұл-қыз шырша мерекесін алғашқылардың бірі болып, Елбасымен бірге тойлады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=J367YcNCj8c[/youtube]