Джиткундошылар құрлық чемпионы атанбақ (фоторепортаж)

407
Жекпе-жектердің қорытындысы бойынша облыс құрамасы жасақталынады.

Жуырда ғана Шымкентте у-шу саньдадан Қазақстан чемпионаты өтті. Еліміздің барлық облыстарынан шығыс жекпе жегінің шеберлері жиналды. Олардың арасында джиткундошылар да бар.

Брюс Лидің ізбасарлары бірнеше спорт түрін қамтығандықтан, шығыс жекпе-жегінің бірқатар жарыстарына қатысу мүмкіндігіне ие болған. Бұл жолы да оннан астам джиткундошы ептілігін сынға салды. Нәтижесінде Жібек Тұрғынбаева еліміздің у-шу саньда ханшайымы атанды. Ол жуырда ғана Шымқалада өткен республикалық жарыста алтыннан алқа тақты. Ал турнир ұйымдастырушылары Жібекке алтын түсті тәжді сыйға тартты.

Енді жерлесіміз джиткундо бойынша халықаралық додаға қатыспақ ниетте. «Жаттығуларымызды жалғастырып жатырмыз. Алдағы күндері Өзбекстанға жол тартамыз. Көршілес елде халықаралық жарыс өтеді. Байрақты турнирде ел намысын қорғаймын деген ниеттемін» дейді Жібек.

Жібек Тұрғынбаева - ушу саньда бойынша ҚР чемпионы
Жібек Тұрғынбаева — ушу саньда бойынша ел чемпионы

Ел чемпионатына қатысқан ең кішкентай спортшы Нұрсұлтан Махмұдовтың салмағы 25 келі ғана. Дегенмен, ол республикалық турнирден жеңімпаз атана білді. Бүгінде Нұрсұлтан жаттығуларын жалғастыруда. Өйткені халықаралық аренада топты жару үшін әлі көп жұмыс жасау қажет.

Жібек жаттығуларын күшейткен. Алда халықаралық арена күтіп тұр.
Жібек жаттығуларын күшейткен. Алда халықаралық арена күтіп тұр
Джиткундо - жылдамдықпен төзімділікті талап етеді.
Джиткундо — жылдамдық пен төзімділікті талап етеді
Епті жасатр жетерлік, ендігі мақсат олардың арасынан чемпиондарды іріктеп, халықаралық жарысқа жіберу.
 

Күш атасы Қажымұқанмен аттас жерлесіміз енді кәсіби ринг төріне шығуды жоспарлап жүр. Осыған дейін құрлық жеңімпазы атанған Қажымұқан Бұрханов енді Әлемдік аренаға шықсам дейді. Ал бұл жастарға бапкерлік етіп жүрген Бекзат Жалалов Азия чемпионатына қатысуды жоспарлап отыр.

У-шу саньда бойынша өткен ел чемпионатында бұл спорт ордасының 3 шәкірті чемпион атанса, тағы тоғызы жүлделі болды.

Джиткундо спорт түрінде аяқпен сермеуден бөлек, белдесуге де болады.
Джиткундода аяқ сермеуден бөлек белдесуге де болады
Бүгінде 400-ден астам жас спорттың осы түрін таңдаған.
Бүгінде 400-ден астам жас спорттың осы түрін таңдаған
Жекпе-жектердің қорытындысы бойынша облыс құрамасы жасақталынады.
Жекпе-жектердің қорытындысы бойынша облыс құрамасы жасақталды
Ережесіз жекпе жекке де өте ұқсас келеді. Сол себепті жарақат та аз болмайды.
Ережесіз жекпе-жекке де ұқсас келеді. Сол себепті жарақат аз болмайды
Бекзатпен бірге 5 жасар бала да жаттығуға ниет білдіріп отыр.
Бекзатпен бірге 5 жасар бала да жаттығуға ниет білдіріп отыр
Нұрсұлтан Махмұдов 25 келілер арасында топты жарды.
Нұрсұлтан Махмұдов 25 келідегі спортшылар арасында топ жарды
Бойжеткендеріміз чакимен де шеберлік таныта біледі.
Бойжеткендеріміз чакимен де шеберлік таныта біледі
Бекзат Жалалов - бапкер, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Желтоқсан ойында Азия чемпионатына қатыспақ.
Бекзат Жалалов — бапкер, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Желтоқсан ойында Азия чемпионатына қатыспақ