Шымкент қаласындағы мұз сарайында мәнерлеп сырғанаудан қалалық ашық біріншілік өтуде. Жарысқа 5 жас пен 16 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысуда. Жас мәнерлеп сырғанаушылар санат дәрежесін алу үшін арнайы жаттығуларын жасауы тиіс.
Спорттық санаттағы дәрежесін арттыруға қысқы спорт түрлері мектебінің 60-тан аса жасөспірімі қатысты. Мәнерлеп сырғанаудан үздік деп танылғандары 2014 жылдың қаңтарда Мұз сарайында Өзбекстан спортшыларымен өтетін жолдастық кездесуге қатысады.