Мектеп директорлары сынақ тапсырды

1174
Сынақты қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тажиева қабылдады

Қала мектептерінің директорлары емтихан тапсырып жатыр. Білім ошағының басшыларын әр бес жылда өз біліктілігін дәлелдеуге міндеттейтін жаңа қаулыға сәйкес мектеп басшылары алғашқы сынақтан өтетін болады. Аттестацияны білім бөлімі өткізді.

Сынақ алдындағы соңғы дайындық
Сынақ алдындағы соңғы дайындық

Шәкіртке туған күн ұстазға да туды. Сынақ алаңы деп таңдалған кабинетке біртіндеп кіріп жатқан мектеп директорлары да оқушылар сияқты толқуда. Емтиханды мереке деп қабылдағандардан орнымды сақтап қалу керек дегендері басым болды. Сондықтан да бұл сынға бірнеше ай бойы дайындалғандар да бар екен.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=w50mQXurj7k[/youtube]

Ғалия Налиханова, №26 Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының директоры: «Өзіміздің жұмысымызға бір сараптама жасап алдық. «Не істедім, тағы да не істеуім керек» дегендей, ой елегінен өткізіп, кәдімгідей конспект жасап, дайындалдым. Әрине, қобалжып тұрмын. Кішкене қорқыныш та бар.»

Сынақты қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тажиева қабылдады
Сынақты қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тажиева қабылдады

Жақында қабылданған жаңа қаулыға сай енді әр бес жыл сайын мектеп директорлары аттестациядан өтіп тұруға міндетті. Білім ошағының басшыларынан сынақты қаламыздың бас мұғалімі қабылдады. Тақырып өзекті — ҰБТ-ның қорытындысы, мектептегі жемқорлық, білім сапасы. Сан саладан туындаған сауалдар біраз директорларды састырды. 

Жанат Тәжиева, қалалық білім бөлімінің басшысы: «Аттестаттаудың барысында заңның шеңберінде алты айға дейін қайта уақыт берген мектептеріміз де болды. Ол мектептеріміздің басшылары алты айдың қорытындысы бойынша қайта атестаттаудан өтетін болады.»

Аттестацияны 41 мектептің басшылары тапсырды. Олардың 37-сі сынақтан сүрінбей өтіп, қызметін жалғастырса, 4 директор емтиханды ойдағыдай тапсыра алмады. Енді олардың тағдыры заң шеңберінде шешіледі.