Шылым сұрағаны үшін өлтіріп тастады

206

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түлкібас ауданындық полиция қызметкерлері қару қолданылып жасалған бірнеше қылмыстың бетін ашты. Соның бірінде күдікті азамат өзінен темекі сұраған кісіні атып салған.

Түлкібас ауданының тұрғындары жергілікті полиция бөліміне қоңырау шалып, түнде ауылда атылған мылтықтың даусын естігендерін айтқан. Таңертең ерте айтылған жерге келген тәртіп сақшылары аулада жерге тамған қан дақтарын көреді. Із кесіп жүріп, іздестіру жүргізген криминалистер көп ұзамай күдіктіні қолға түсірді. Ол 26 жастағы жергілікті тұрғын болып шыққан.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=nQXGdXmnrpQ[/youtube]

 

Күдіктінің айтуынша, сол күні ол өзі құрылыс жасап жатқан үйді қарауылдау үшін түнеуге барған. Түнде үйдің есігін белгісіз екі азамат соғады. Есікті ашқан күдіктіден олар темекі мен арақ сұрапты. Күдікті оларға жоқ екенін айтып, есікті жауып қояды. Алайда, екі азамат есікті күшпен ашпақ болған кезде  екі арада төбелес орын алады. Соның нәтижесінде екеудің бірінің қойнындағы шолақ мылтық атылып кетіпті. Күдікті осылай дейді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=PHgXd06KvKE[/youtube]

Атылған оқтан жерге сұлап түскен Түлкібас ауданының 1982 жылғы тұрғыны оқиға орнында тіл тартпай, жан тапсырады. Ал екіншісі қашып кетіпті. Содан соң күдікті шолақ мылтықты дәретханаға тастап, марқұмды өзінің «ВАЗ-21099» автокөлігіне салып, ауыл сыртында көміп тастайды. Қазіргі таңда аАйғақ зат ретінде 16 калибрлі шолақ мылтық пен автокөлік табылды. Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 96-бабы – «Кісі өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.