«Шымкентцементтің» басшылығы Жоғары сотқа арызданбақ

418
зауыт басшылығы қоршаған ортаға зияны аз жаңа пешті іске қоспақ

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ау­да­наралық экономикалық соты «Шымкентцемент» АҚ-на 184, 5 миллион теңге көлемінде айыппұл салу туралы үкім шы­ғарды. Құзырлы органның мұндай үкімімен келіспей отырған кәсіпорын басшылығы жоғары сотқа арызданбақ. Үш жылға созылған дау-дамайға қоршаған ортаны ластау бойынша нормаларды анықтау әдістемелерінің әр алуан болуы себеп болып отыр.

зауыт басшылығы қоршаған ортаға зияны аз жаңа пешті іске қоспақ
Зауыт басшылығы қоршаған ортаға зияны аз жаңа пешті іске қоспақ

Зауытта дәл қазір үш бірдей пеш қосулы тұр. Будақтаған түтінді байқау қиын. Дегенмен, жергілікті экологтарға бұл да есеп емес. Мамандандырылған ау­да­наралық экономикалық соты зауытқа азот оксидінің ауаға жайылу мөлшерін шамадан 3,5 есеге арттырып жібергені үшін 184 милион теңге айппұл төлеуге шешім шығарды. Бұл үкім кәсіпорын басшылығының төбе шашын тік тұрғызды.

Акционерлік қоғам жетекшілігі зауыттың қоршаған ортаға тигізер залалын зерттеп-зерделей келе экологтар қоршаған ортаның ластану деңгейін анықтауда дұрыс әдістерді пайдаланбаған деген шешімге келіп отыр. «Шымкентцемент» АҚ басшысы Габриель Морэннің айтуына қарағанда, сот зауыт басшылығының дәйектерін ескермепті. Шешім қабылдарда нормативті құжаттардағы коэфиценттер де еленген жоқ дейді.

Негізінен, бұл шарттар жақында Алматыда өткен дөңгелек үстел барысында нақтыланған екен. Шарада қабылданған шешімдер жиынтығы қоршаған ортаны қорғау министрлігінің сайтында жарияланған болатын. Кәсіпорын басшылығы ауаға шығарылатын азот оксидінің мөлшерін анықтайтын құралдар мен есептеу әдістермелерін жетілдіру қажет деп есептейді. Сол үшін де облыстық соттың шешімі орынсыз деп есептейді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=jTK6gmamVLw[/youtube]

Зауыт ендігі жерде жоғары дәрежелі сотқа шағымданбақ. Айта кетейік, экология департаменті мен зауыт арасындағы келіспеушіліктер 2010 жылдан бері әлі жалғасып жатыр. Сот істері бір ғана негізге сүйеніп тұр. Мемлекеттік бақылау тарапы азоттың транформациялау коэффицентін белгілейтін нормативтік құжаттарда көрсетілген нұсқауларды қабылдаудан бас тартып отыр. Зауыт басшылығы өз әрекеттерінің дұрыстығын дәлелдеу үшін заң шеңберіндегі барлық мүмкіндіктерді пайдалануға әзір екенін жеткізді.

Айта кетейік «Италцементи групп» компаниясының ауаға шығарылатын газдардың соңғы тоқсандық қорытындыларына қарағанда, «Шымкентцемент» АҚ газ шығару деңгейі бойынша компанияның басқа филиалдары арасында ең үздік көрсеткішке ие.

Ал ОҚО бойынша экологиялық департементі мамандары істің аппеляциялық алқада қаралып жатқанын алға тартып, қандай да бір түсініктеме беруге әлі ерте дегенді айтады. Ал зауытта қоршаған ортаға келтіретін зиян мөлшерін мейлінше азайту жұмыстары қызу жүріп жатыр. Кәсіпорын жуырда жаңа жобаны қолға алмақ.