Соғыс ардагеріне пәтер берілді

381
Нұрмахан Әбдірахман

Соңғы алты жылын облыстық қарттар үйінде өткізген Ұлы Отан соғысының ардагері Нұрмахан Әбдірахман жеке пәтерге көшіп шықты. Тамыз айында қоныс тойын тойлаған атаның бүгінгі тыныс-тіршілігімен біз де танысып қайттық.

Нұрмахан Әбдірахман
Нұрмахан Әбдірахман

Жасы тоқсанды алқымдаған Нұрмахан Әбдірахманның бір бөлмелі жаңа пәтері мұнтаздай таза, жиһаздарын өзі жасатқан. Төріне Елбасының портретін құрметпен іліп қойыпты. Мұнысын ардагерлерге жасап жатқан жақсылығына деген алғысым деп түсіндірді. Екі бөлмелі пәтер көптік етеді деп, бір бөлмеліге жайғасқан ата тұрмысқа қажеттінің бәрі бар екенін айтады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=ClVTFoZv3bo[/youtube]

Нұрмахан Әбдірахман: «Жылу толығымен тегін, 6 текше метр су мен 30 кВт электр жарығы тегін беріледі. Жүріп-тұруым – тағы тегін. Әкім бала екі бөлмелі пәтер берем деген, өзім қарсылық білдірдім. Не істеймін, би билемеймін ғой? Ондай жастан өттік.»

Айта кету керек, бұл атай жақында қарттар үйінде жүрген кезінде үйленді. Отбасылы болған соң, үкіметтен үй сұрадым дейді. Қазір Назира әжей екеуі осы шаңырақта тұрады. Бір өкініштісі, әжей төсек тартып қалыпты. Қазір ата күндіз-түні қасында, жанұшырып көмектесіп жүр.

Нұрмахан ата қарттар үйінде қосылған қосағына өзі қарайды
Нұрмахан ата қарттар үйінде қосылған қосағына өзі қарайды
Жаңа пәтердің күтушісі-өзі
Пәтерін де күтіп ұстайды

Нұрмахан Әбдірахман, ҰОС-ның ардагері: «Қазір немерелерім қасыма келді қайтадан. Айттым ғой, мен кетсем үй сендердікі болады деп. Үй де – сенікі, мүлік те – сенікі дедім. Балаларым соған риза болады.»

Қария демалыс күндері балаларым мен немерелерім келеді деп, арнайы дайындалады. Дүкенге де өзі барады. І топтың мүгедегі болғанына қарамастан, көп қимылдағанды жаны сүйеді. Төртінші қабатта тұрса да, күніне екі рет далаға серуендеуге шығады.