Ауылдарда дәрігерлік бекеттер көбеюде

279
Дәрігерлер алғашқы науқасын да қабылдап үлгерді

Мақтаарал ауданына қарасты Қазыбек би ауыл округінің Жамбыл ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Нысанның құрылысы өткен жылдың тамыз айында басталған.

фельдшерлік-акушерлік пунктің бір бөлмесі
Фельдшерлік-акушерлік пунктің бөлмесі

Ауылдықтарды аудан орталығына сенделтпей, өздерінде алғашқы медициналық көмек көрсететін пункттің құрылысына қазынадан 32 миллион  теңге бөлінген. Жаңа жылы жаңа ғимаратқа кірген фельдшерлер Жамбыл ауылының екі мыңға жуық тұрғынының  саулығына жауапты.

Дәрігерлер алғашқы науқасын да қабылдап үлгерді
Дәрігерлер алғашқы науқасын да қабылдап үлгерді

Мұнда бір жасқа дейінгі балалар мен аяғы ауыр әйелдердің  жағдайы жіті қадағаланады. Соңғы заманауи құрылғылармен жабдықталған медициналық пункте үш қызметкер бар.

Күлзина Бұлтбаева, фельдшерлік-акушерлік пунктің меңгерушісі: «Қазіргі таңда мүмкіндік зор деп айтсам да болады. Барлық жағдай жасалған. Науқастарымызды өзіміз қадағалап, өзіміз емдейміз. Әсіресе, бір жасқа дейінгі балаларды қадағалауға ыңғайлы жабдықтар бар.»