Оңтүстіктің аң-құстары аш қалмайды

389
хайуанаттар қолдан азықтандырылады

Биыл Оңтүстіктің орман шаруашылығына қарасты аумақтағы хайуанаттар қыстан қысылмай шығатын болады. Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бөлімінің басшысы Нұрмахан Жұмағұловтың айтуынша, аң-құстардың барлығы қатаң бақылауда. Қыс қатты болған жағдайда олар жем-шөппен орманшылар қамтамасыз етіп отырады.

хайуанаттар қолдан азықтандырылады
Хайуанаттар қолдан азықтандырылады

Нұрмахан Жұмағұлов бірнеше жылдан бері табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты бөлімде қызмет етіп келеді. Сондықтан орман жағдайына үйренген аңдардың қандай жем-шөппен қоректенетінін жақсы біледі. Оның бастамасымен 2013 жылы орман шаруашылығын өркендету жобасы да қолға алынған еді. Айта кетейік, қыстың күнінде қара суықтың кесірінен кей аңдардың қорек табуы қиынға соғады. Кейде аңдар қырылып қалуы да ғажап емес. Мұндайда жануарлар қолдан азықтандырылады. Және қоректендіру орны хайуанаттардың жиі мекендейтін жері болып белгіленеді екен.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=H_IzWvtiF3w[/youtube]

Нұрмахан Жұмағұлов, орман және аңшылық шаруашылығы бөлімінің басшысы: «Мысалы, 2013 жылы осы жабайы аң-құстарды қорғау және олардың өсімін молайту мақсатында 960 ұя салынды. Жабайы аңдарға шөп салатын 50 орын дайындалды. Өзен-көлдердің 50 тұсынан суаттары әзірленді.  70 тонна шөп, 3 тоннаға жуық тұз бар. Қазіргі кезде, мысалы, таулы аймақтардағы мекендерде немесе қысы қалың болатын жерлерге шөптер шашылып жатыр. Орман қорларын қорғау мақсатында облыс бойынша 232 орманшы-қорықшы жұмыс істейді.» 

Орманшылар аңдарды кез келген жағдайда қоректендіре алады. Мамандар осылайша өңірдегі жабайы аң-құстардың өмірін сақтайтынына сеніп отыр.