Бұл турнир алдағы уақытта дәстүрге айналатын болады

Шахматтан спорт ардагерлері мен зейнеткерлер арасында Оңтүстік чемпиондары анықталды. Екі күнге жалғасқан жарыста 17 кәсіпқой және 32 әуесқой шахматшы сынға түсті. «Ақтұлпар»  интеллектуалдар клубында өткен турнирдің қорытындысы бойынша әуесқойлар арасында Гафуржан Махмудов бас жүлдеге қол жеткізді. Бұған қоса Сақтаған Жақаев пен Нұсқау Түменбаев жүлделі болды.

Кәсіпқойлар арасында Олег Ни үздік танылды. Бекайдар Тұрғаналиев пен Бақыт Құдайбергенов та арнайы сыйлыққа ие болды. «Қариялар арасындағы мұндай жарыстар енді жиі өтіп тұрады» деп ұйымдастырушылар алқасы өз уәдесін берді.

Жарысқа 50-ден астам ардагер қатысты
Жарысқа 50-ден астам ардагер қатысты
Қариялар екі күн бойында  өзара чемпиондарын анықтады
Қариялар екі күн бойында өзара мықтыны анықтады
Бұл жарыс ҰОС жеңіс күніне арналды
Бұл жарыс Ұлы жеңіс күніне арналып отыр

Интеллектуалдар екі топқа бөлінді. бірі әуесқойлар арасында сынға түссе, өзгелері кәсіпқойлар арасында шеберлік танытуға тырысты

Жүлдегерлер құнды сыйлықтармен марапатталды

Бұл турнир алдағы уақытта дәстүрге айналатын болады
Бұл турнир алдағы уақытта дәстүрге айналатын болады