Шахматтан спорт ардагерлері мен зейнеткерлер арасында Оңтүстік чемпиондары анықталды. Екі күнге жалғасқан жарыста 17 кәсіпқой және 32 әуесқой шахматшы сынға түсті. «Ақтұлпар» интеллектуалдар клубында өткен турнирдің қорытындысы бойынша әуесқойлар арасында Гафуржан Махмудов бас жүлдеге қол жеткізді. Бұған қоса Сақтаған Жақаев пен Нұсқау Түменбаев жүлделі болды.
Кәсіпқойлар арасында Олег Ни үздік танылды. Бекайдар Тұрғаналиев пен Бақыт Құдайбергенов та арнайы сыйлыққа ие болды. «Қариялар арасындағы мұндай жарыстар енді жиі өтіп тұрады» деп ұйымдастырушылар алқасы өз уәдесін берді.