Ерліктің даңқы өшпейді

379
ҰОС ардагерлері

«Ерліктің даңқы өшпейді!» Шымкентте Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлерінің қатысуымен осындай тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Шарада ардагерлер майдан алаңындағы жағдайды айтып, ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің есімдерін еске алды. Ал жастар қауымы кеш кейіпкерлері алдында баяндама оқып, ардагерлерге құрмет-алғысын білдірді. Шымкент өңірлік мемлекеттік мұрағаты ұйытқы болған басқосуда ардагерлерге арнайы сый-сыяпат табысталып, мадақ сөздер айтылды.

 

ҰОС ардагерлері
ҰОС ардагерлері

Алтыбай Бабаев, ҰОС ардагері:»Менің бар арманым — соғысып жүріп, қан майданда жан алысып, жан берісіп алған жеңісіміз далада қалмаса екен. Осындай жеңісті енді өскелең жастар қызғыштай қорғап, елдің патриоттары болса екен деп тілеймін. Жастар елге әділ, адал қызмет етсін!»

Марат Сейдахмет, студент: «Шынымды айтсам, кездесуден алған әсерімді сөзбен жеткізе алмаймын. Аталарымыз қандай қиын қыстау заманда ғұмыр кешіп, елдің тәуелсіздігін сақтап қалды. Ұмытылмайтын ерлік жасады. Сондықтан мен аталарымызға құрмет көрсетіп, осы ерлікті насихаттауды міндетім деп санаймын. Мен де елімді қай кезде де қорғауға әзірмін!»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=CmYhXg7yZpw[/youtube]

Айта кетейік, Ұлы Отан соғысына Оңтүстіктен 140 мыңнан астам жауынгер аттанған. Майданнан оның 35 мыңы ғана оралыпты. Бүгінде елі үшін ерлік жасаған сол сарбаздардың 550-нің ғана көзі тірі.