Жаңалықтар 

Манкенттегі әскери зиратқа поляктар келді

Сайрам ауданындағы Манкент ауылында Қазақ жерінде жерленген поляк солдаттарына мемориал бой көтерген. Осы әскери зиратқа арнайы Польшадан келген делегация мазаратқа гүл шоқтарын қойды. Құрмет күзеті де, барлығы хаттамаға сәйкес. Сайрам жеріндегі әскери зиратта Ұлы Отан соғысында қаза болған поляк сарбаздары жерленген. Мемориал Польша Республикасының ескерткіштерді қорғау радасының бастамасымен салынған.

Манкенттегі әскери зират
Манкенттегі әскери зират

Яцек Ключковский, Қазақстандағы Польша елшісі: «Бейбіт өмір үшін қаза болған поляк жауангерлері Манкент ауылдық округінен бөлек Түлкібас ауданындағы Шақпақ баба ауылында, Жамбыл мен Алматы облыстарында жерленген деген мәлімет бар. Оңтүстік өңірінде әскери зиратты салуға қолдау көрсеткен қазақстандық достарымызға алғысымыз шексіз. Сіздерден сұранатынымыз — зиратқа күтім жасасаңыздар екен. Ал біз келіп тұрамыз.»

Ұлы Отан соғысы кезінде польша сарбаздары біздің жауынгерлерге соғыс техникасын меңгеруді үйреткен. Әскери зиратта жерленген туыстарына тағзым ету үшін Польшадан арнайы делегация арасында варшавалық Фелиция Мелон да бар. Өзі Қазақ жерінде туған. Кіндік қаны тамған Сайрам жерінде атасы мен әжесі жерленген.

Фелиция Мелон: «Сұрапыл соғыс қаншама отбасының шаңырағын шайқалтты. Атам мен әжем және де осында жерленген өзге де жерлестерімнің құрметіне осындай мемориал бой көтергеніне қуанып тұрмын. Олардың ерлігіне бас иемін. Жатқан Қазақ жері олар үшін  жайлы болсын!»

Жерленген жерлестеріне поляктар құрмет көрсетті
Поляк әскерилері

Генерал Андерс басқарған майдангерлердің ерлігіне тағзым еткендер жергілікті тұрғындардан ескерткішті күтіп ұстауға өтініш жасады. Польша мен Қазақстан елі арасындағы ынтымақтастық алда да жалғаспақ.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz