Мемлекеттік қызметке үміткерлерге қойылар талап қатаң

467
Берік Бекжанов

Оңтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік қызметке деген қызығұшылық кеміп барады. Қзірдің өзінде өңірдегі мемлекеттік органдарда төрт жүзге тарта лауазым орындары бос тұр. 

Берік Бекжанов
Берік Бекжанов

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Оңтүстіктегі өкілі Берік Бекжанов мұның себебі конкурстардың ашық әрі әділ өтпеуінен ғана емес, талаптың күшейтілгенінен дейді. Бос тұрған бір орынға көп дегеннің өзінде екі-ақ азамат үміткер болады екен.

Бұл көрсеткіш халық саны тығыз орналасқан өңір үшін төмен дейді маман. Дегенмен, Оңтүстікте тоғыз мыңға жуық мемлекеттік қызметкер жұмыс істейді. Оның 24-і «А» корпусында қызмет етеді. Айтпақшы, бүгінгі таңда 42 азамат «А»корпусына өту үшін Елордада сынақтан өтіп жатыр екен. БАҚ өкілдеріне арнайы баспасөз мәслихатын өткізген Берік Айдарбекұлының айтуынша, тәртіптің кеңес жыл басынан бері екі отырыс өткізіп, 12 істі қарап, 10 тұлғаны тәртіптік жауапкершілікке тартыпты.