Оңтүстікте браконьерлік тыйылмай тұр

521

Оңтүстікте заңсыз балық аулайтындардың қатары тыйылар емес. Бұл жөнінде Оңтүстік Қазақстан облыстық мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы мен мемлекеттік уәкілетті орган және ішкі істер органдары мәлімдеп отыр. Айтуларынша, облысымызда браконьерлік қылмыс бойынша 2 жылдан бері Мақтарал ауданы көш бастап тұр. Бұған қоса жуырда Шардара су қоймасынан электр тоғымен балықты аулап жүргендер қолға түскен.

Талғат Орынбек, Оңтүстік Қазақстан мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасының прокуроры: «Екі азамат электр жүйесі тартылған қондырғы арқылы 90 келі балық аулаған. Олар заң алдында жауап береді. Ал біз рейдтік шараны жалғастарамыз. Бұл үшін арнайы жасақ жұмыс жасайды.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=NGKc1hGjnnU[/youtube]

Айтпақшы, аталған балықшылар өздерінің олжаларын мемлекеттік нөмірі жоқ «Урал» мотоциклімен межелеген орынға жеткізбек болыпты. Ал қолға түскен аумақтан браконьерлердің үрмелі қайығы, аккумуляторы және электр желілері тартылған қондырғысы табылып отыр. Айта кетейік, биыл рұқсат бойынша 31-мамырға дейін балық аулуаға тыйым салынған.