Шымкент: Заңсыз балық аулаған 2 адам анықталды

100

Шымкентте заңсыз балық аулаудың 2 жайты анықталды. “Уылдырық” жедел-профилактикалық іс-шара барысында Табиғатты қорғау тобының қызметкерлері жақын маңдағы өзен, көл, тоғайларға рейдтік шаралар жүргізді.

Нәтижесінде Бадам су қоймасында заңсыз балық аулаудың 2 жайты анықталды. Аталған жағдай бойынша азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылды.

Айта кетейік, іс-шара қала аумағында 30-мамырға дейін жалғасады. Шымкент қаласы Полиция департаменті азаматтарды табиғатқа қиянат жасамауға шақырады. Сондай-ақ, заңсыз балық аулау жайтын байқаған жағдайда тез арада «102» арнасы арқылы полицияға хабар берулеріңізді сұрайды.

 Мөлдір Ибадуллаева